Chania
802
24.12.2020
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің 2020 жыл барысында атқарған жұмысы туралы ақпарат

 Қазақстанда медиация институты 2011 жылы заңмен бекітіліп, қолданысқа ене бастаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиацияны дамытудағы рөлі өте зор. Қазақстан халқы Ассамблеясы  қызметінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету міндеті Медиация институтының міндеттерімен тікелей байланысты, сондықтан Ассамблеяның бұл бағыттағы тиімді қызметі қазақстандық қоғамда ерекше сұранысқа ие.

Бұл ретте, медиацияны кеңінен насихаттау, азаматтарға медиацияны  өмірдің түрлі салаларында туындайтын дау-дамайлардың барлық түрлерін бейбіт жолмен реттеудің тәсілі ретінде таныту, Қазақстанда медиативтік рәсімдерді дамыту өте маңызды. Бұл міндеттер Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевпен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында медиацияны қолдау және ілгерілету үшін белгіленген болатын.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 1 медиация кабинеті, Қамысты ауданында 1 медиация кабинеті қызмет атқарады, сот ұйымдарында, әкімдіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда 27 медиациялық алаң жұмыс жасайды. Мәліметтер қорына сәйкес облыс бойынша Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 19 қоғамдық медиаторы тіркелген, олар  есептік кезең барысында отбасылық, азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық жағдайларға қатысты туындаған 239 даулы мәселенің шешімін тапты. 2020 жыл барысында медиация мәселелері бойынша 39 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 925 адам қатысты.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы медиация кеңесінің мүшелері, қалалық және аудандық қоғамдық медиаторлар халықпен түсіндірме жұмыс жасайды. 

2020 жылдың басында Қостанай облысының білім беру мекемелерінің өкілдері қатысқан Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шара барысында 2019 жылғы жұмыс қорытындыланып, болашаққа жоспар құрылды. Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Себебі, жасөспірімдердің мәселелері алдыңғы қатарда. Медиация қызметінің жұмысы мекеменің білім-тәрбие  процесімен тығыз байланысты болмақ,  сонымен қатар, оқушылар үшін қауіпсіз оқу кеңістігінің құрылуына ықпал етіп, дау-дамайлардың алдын алуға, жасөспірімдерге нақты көмек көрсетуге және қолдауға бағытталады. Мектептегі медиация қызметі арқылы оқушылардың және ата-аналардың арасында туындаған кез келген дау-дамайлар сол мезетте шешімін табады. 

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері жасөспірімдермен белсенді жұмыс жүргізеді. Ақпан айында Медиация кеңесінің мүшесі Р. Ж. Мырзағалиев «Jangyru Joly» РЖҚ белсенділерімен бірге Қостанай қаласындағы № 19 орта мектептің және Қостанай қалалық  балалар шығармашылығы мектебінің оқушылары үшін медиация тақырыбы бойынша 2 тренинг өткізді. Оқушылар теорияны, медиация негіздерін меңгерді, практикалық бөлімде топтарға бөлініп, дау-дамайларды талдап, олардың түрлерін анықтап, реттеу тәсілдерін айқындады. 

12 наурызда Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы медиация кабинетінде  корей этномәдени бірлестігінің жастар қанатының белсенділері үшін «Медиация институты» тақырыбына арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында медиацияның тарихы, негіздері таныстыралып, сан түрлі даулы жағдайлар қарастырылды. Іс-шара соңында жас өрендер өздерін медиаторлар рөлінде сынап көруі үшін мысал ретінде өмірдің шиеленіскен жағдайлары келтіріліп, шешімін табу ұсынылды. 

Теория мен практиканы ұштастыра отырып, медиация негіздерін меңгерту оқушылар үшін тиімді, себебі оқушылар теорияны ғана емес, сонымен қатар даулы жағдайларды шешуде реттілікті талдайды. Сондай-ақ, командамен бірге жұмыс жасауға, бітімгерлік кездесулерді жүргізу дағдыларына үйренеді, өздерінің коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіреді және адамгершілік қасиеттерін арттырады. Оқытудың бұл форматы мектепте медиацияның сапалы жүйесін қалыптастырады.

Мектеп медиациясын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуі керек, кәсіби медиаторларға қажетті жағдай жасалып, көңіл бөлінуі тиіс, жас педагогтар мен жоғары сынып оқушыларын медиация түрлерімен мен әдістерімен  таныстыру қажет.

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы ҚХА кафедрасы жастар арасында медиация институтын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

         Елімізде төтенше жағдай кезінде ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде медиация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, сәуір-мамыр айларында 20-дан астам жарияланым жарық көрді. Сонымен қатар,  онлайн іс-шаралар өткізілді.           

2020 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері С.А. Богатырев, О.Н. Евдокимова, И.А. Зуев ZOOM қосымшасы арқылы «Тарих», «Бейнелеу өнері», «Психология» мамандықтарының студенттері үшін «Медиация және халықтық дипломатия мектебі» тақырыбында онлайн сабақ өткізді. Олар іс-шара қатысушыларын медиация негіздерімен, белгілі бір дау-дамайлардың шешілу әдістерімен, бірлік пен келісімге қол жеткізу жолдарымен таныстырды. Конференция барысында студенттер өздерін толғантқан сауалдарға жауап алды.

1 мамыр күні Zoom қосымшасында «Біздің күшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты виртуалды қабылдау өтті, іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Виртуалды қабылдау барысында ҚХОА Медиация кеңесінің мүшелері (кәсіби медиаторлар, психологтар, судьялар, заңгер кеңесшісі, ЭМБ белсендісі) қатысушыларды Медиация негіздерімен, бітімгерлік рәсімінің тәртібімен таныстырып, жиі туындайтын даулы мәселелер туралы баяндады.

Қабылдауға қоғамдық медиаторлар, Қостанай облысының басқа аудандарының тұрғындары қатысты, олар аудандарындағы жағдаймен (карантинге байланысты) бөлісті. Виртуалды қабылдау қатысушылары медиаторларға тікелей сұрақтар қойып, құқықтық кеңестер алды. Виртуалды қабылдау барысында еңбек қатынастары, отбасы-тұрмыстық қатынастар, мектептік медиация және өзге мазмұндағы 20 сұрақ қойылды.

Маусым айының бірінші онкүндігінде Әулиекөл ауданының Қоғамдық медиаторы Б.Е. Қасымова сан түрлі сала қызметкерлері үшін «Медиация институты» атты  2 оқыту семинар-тренингін өткізді, іс-шараға 25-тен астам адам қатысты, ұйымдастырушы қатысушыларды медиация институтының тарихымен таныстырып, бітімгерлік үрдістің негізгі кезеңдері туралы хабар берді. Даулы жағдайлардың алдын алудың жолдарына тоқталды.

         Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты көптеген ұйымдар мен мекемелер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшті.  Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының медиаторлары да қашықтықтан жұмыс жасады. Әрбір қаладағы, аудандағы қоғамдық және кәсіби медиаторлар  халыққа  тегін  медиативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде медиаторға жазылу тәртібі көрсетілген, ал ресми сайтқа кіріп, онлайн түрде медиаторға өтінім қалдыруға болады. Медиатор өтінім мазмұнымен, жағдаймен танысып, өтінім берушімен хабарласып, дау-дамайды шешу жолдарын түсіндіреді.

          2020 жылдың 5 тамызында Бірыңғай республикалық Медиация күні аясында Zoom платформасында  облыстық виртуалды қабылдау өтті, іс-шараға 60-тан астам адам қатысты. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері С.А. Богатырев, Н.В. Ким, И. А. Зуев, Л. Г. Прохорова (кәсіби медиаторлар, психологтар, судьялар, заң кеңесшісі) азаматтарға кеңес берді. Іс-шараның басында қатысушыларға «Медиация туралы» бейнеролик көрсетілді, содан кейін қатысушылар медиаторларға тікелей сұрақтар қойып, құқықтық кеңес алды.

          Қостанай облысының қалаларында, аудандарында, ауылдарында қоғамдық медиаторлар онлайн іс-шаралар (қабылдау, дөңгелек үстелдер) өткізді. Іс-шараларға  93-тен астам адам қатысты.

          Іс-шаралар барысында кәсіби, қоғамдық медиаторларға еңбек қатынастары, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, азаматтық, қаржылық-шаруашылық дауларды реттеу және т.б. мәселелер бойынша 70-тен астам сұрақ қойылды.  Қатысушылардың 70% - дан астамы 25-тен 40 жасқа дейінгі азаматтар,  20% - ы 45-тен 60 жасқа дейінгі азаматтар, 10% - ы зейнеткерлер.

          Бірыңғай республикалық медиация күніне арналған іс-шаралар бойынша ақпарат БАҚ-да жарық көрді, облыстық және аудандық газеттерге 4 ақпараттық мақала және медиация тақырыбына арналған 11-ден астам материал әлеуметтік желілерге жарияланды.

Виртуалды қабылдау оң нәтиже көрсетті, медиаторлар мен қатысушылар (өзара жұмыс жасау үшін) байланыс телефондарымен алмасты. Халықты қабылдауды онлайн өткізу -  жаңашыл тәжірибе, заманауи медиацияны дамытуға нық қадам.

          Қараша айында «Медиация институтын зерттеуге арналған бейнесабақтар» онлайн жобасы іске асырылды және алғашқы сабақтарды Евдокимова Ольга Николаевна (Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесі төрағасының орынбасары) өткізді. Бейнесабақтар:   «Медиацияның негізгі ұғымдары мен қағидаттары»; «Медиация институтының пайда болу тарихы: Ежелгі заманнан бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі даму жолы»; «Медиация дербес рәсім ретінде» сынды тақырыптарға арналды.

Қазіргі заман талабына сәйкес онлайн іс-шаралар сұранысқа ие. Медиация институтын зерттеуге арналған онлайн жобалар медиаторлар  үшін де, сан түрлі платформалардың, әлеуметтік желілердің тыңдаушылары үшін де тиімді. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері аймақтағы даулы жағдайлардың алдын алуға және келіспеушіліктерді болдырмауға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда. Қалалар  мен аудандардағы қоғамдық медиаторлар халық арасында медиация институтын насихаттауда. Облыстағы медиация кабинеттері қызметкерлерінің және қоғамдық медиаторлардың қызметі болашақта да қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталмақ.