Chania
402
24.12.2020
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің 2020 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Елімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты көптеген ұйымдар мен мекемелер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшті.  Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының медиаторлары да қашықтықтан жұмыс жасуда.

Әрбір қаладағы, аудандағы қоғамдық және кәсіби медиаторлар  халыққа  тегін  медиативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде медиаторға жазылу тәртібі көрсетілген, сондай-ақ, ресми сайтқа кіріп, онлайн түрде медиаторға өтінім қалдыруға болады. Медиатор өтінім мазмұнымен, жағдаймен танысып, өтінім берушімен хабарласып, дау-дамайды шешу жолдарын түсіндіреді.

2020 жылдың 4-тоқсаны сәтінде Қостанай облысында 1 медиация кабинеті, Қамысты ауданында 1 медиация кабинеті қызмет атқарады, сот ұйымдарында, әкімдіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда 27 медиациялық алаң жұмыс жасайды. Мәліметтер қорына сәйкес облыс бойынша Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 19 қоғамдық медиаторы тіркелген, олар  есептік кезең барысында отбасылық, азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық жағдайларға қатысты туындаған 67 даулы мәселенің шешімін тапты. 2020 жылдың 4-тоқсанында медиация мәселелері бойынша 3 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 572-ге жуық адам қатысты.

          Қараша айында «Медиация институтын зерттеуге арналған бейнесабақтар» онлайн жобасы іске асырылды және алғашқы сабақтарды Евдокимова Ольга Николаевна (Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесі төрағасының орынбасары) өткізді. Бейнесабақтар:   «Медиацияның негізгі ұғымдары мен қағидаттары»; «Медиация институтының пайда болу тарихы: Ежелгі заманнан бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі даму жолы»; «Медиация дербес рәсім ретінде» сынды тақырыптарға арналды.

Қазіргі заман талабына сәйкес онлайн іс-шаралар сұранысқа ие. Медиация институтын зерттеуге арналған онлайн жоба медиаторлар  үшін де, сан түрлі платформалардың, әлеуметтік желілердің тыңдаушылары үшін де тиімді болып шықты. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері аймақтағы даулы жағдайлардың алдын алуға және келіспеушіліктерді болдырмауға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда. Қалалар  мен аудандардағы қоғамдық медиаторлар халық арасында медиация институтын насихаттайды. Облыстағы медиация кабинеттері қызметкерлерінің және қоғамдық медиаторлардың қызметі болашақта да қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталмақ.