Елімізде төтенше жағдай енгізілгендіктен көптеген ұйымдар мен мекемелер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшті. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының медиаторлары да қашықтықтан жұмыс жасады.
Әрбір қаладағы, аудандағы қоғамдық және кәсіби медиаторлар халыққа тегін медиативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде медиаторға жазылу тәртібі көрсетілген, ал ресми сайтқа кіріп, онлайн түрде медиаторға өтінім қалдыруға болады. Медиатор өтінім мазмұнымен, жағдаймен танысып, өтінім берушімен хабарласып, дау-дамайды шешу жолдарын түсіндіреді.
Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында Қостанай облысында 1 медиация кабинеті, Қамысты ауданында 1 медиация кабинеті қызмет атқарады, сот ұйымдарында, әкімдіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда 27 медиациялық алаң жұмыс жасайды. Мәліметтер қорына сәйкес облыс бойынша Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 19 қоғамдық медиаторы тіркелген, олар есептік кезең барысында отбасылық, азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық жағдайларға қатысты туындаған 39 даулы мәселенің шешімін тапты. 2020 жылдың 3 тоқсанында медиация мәселелері бойынша 28 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 153-ке жуық адам қатысты.
2020 жылдың 5 тамызында Бірыңғай Медиация күні аясында Zoom платформасында облыстық виртуалды қабылдау өтті, іс-шараға 60-тан астам адам қатысты. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері С.А. Богатырев, Н.В. Ким, И.А. Зуев, Л.Г. Прохорова (кәсіби медиаторлар, психологтар, судьялар, заң кеңесшісі) азаматтарға кеңес берді. Іс-шараның басында қатысушыларға «Медиация туралы» бейнеролик көрсетілді, содан кейін қатысушылар медиаторларға тікелей сұрақтар қойып, құқықтық кеңес алды.
Қостанай облысының қалалары мен аудан орталықтарында қоғамдық медиаторлар онлайн іс-шаралар (қабылдау, дөңгелек үстелдер) өткізді. Іс-шараларға 93-тен астам адам қатысты.
2020 жылдың 5 тамызында өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде кәсіби, қоғамдық медиаторларға еңбек қатынастары, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, азаматтық, қаржылық-шаруашылық дауларды реттеу және т.б. мәселелер бойынша 70-тен астам сұрақ қойылды. Қатысушылардың 70% - дан астамы 25-тен 40 жасқа дейінгі азаматтар, 20% - ы 45-тен 60 жасқа дейінгі азаматтар, 10% - ы зейнеткерлер.
Бірыңғай республикалық медиация күніне арналған іс-шаралар бойынша ақпарат БАҚ-да жарық көрді, облыстық және аудандық газеттерде 4 ақпараттық мақала жарық көрді және медиация тақырыбына арналған 11-ден астам материал әлеуметтік желілерде жарияланды.
Виртуалды қабылдау оң нәтиже көрсетті, медиаторлар мен қатысушылар (өзара жұмыс жасау үшін) байланыс телефондарымен алмасты. Халықты қабылдауды онлайн өткізу - жаңашыл тәжірибе, заманауи медиацияны дамытуға нық қадам. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері аймақтағы келісімді сақтауға және дау-дамайлардың алдын алып, келіспеушіліктерді шешуге бағытталған жұмысын жалғастыруда. Қостанай облысының қалалары мен аудандарында қоғамдық медиаторлар медиация институтын насихаттауға бағытталған жұмыс жүргізуде.
Медиация кабинеттерінің және қоғамдық медиаторлардың жұмысы болашақта да қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталмақ.