Chania
2651
03.08.2021
БЕКМАНОВА Айжан Кенжемұратқызы

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы - Рамазанова Наталья Сергеевна.


Наталья Сергеевна 1991 жылдың 19 маусымында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылында дүниеге келген.


2010 жылы Астана қаласында өткен Республикалық «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауында ІІІ орын алған.
2014 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша білім алған. 
2016 жылы «Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша магистратураны бітірген, сондай-ақ, «Челябі мемлекеттік университеті» ЖББ ФМББМ  «Құқықтану» мамандығын сәтті тәмамдаған.
2013-2014 жылдары аралығында Қонай кентінің Чапаев негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.
2016 жылы Қостанай облысының «Жастардың алтын кітабының» лауреаты атанған.
2016 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Қостанай облысын танытып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйледі.
2012-2018 жылдары аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдарын» жастар клубының төрайымы болды. Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдары қауымдастығы жобаларының үйлестірушісі болған.


Тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Тіл жанашыры, мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматша. Тұрмыс құрған.