Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты көптеген ұйымдар мен мекемелер қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшті. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының медиаторлары да қашықтықтан жұмыс жасады. Әрбір қаладағы, аудандағы қоғамдық және кәсіби медиаторлар халыққа тегін медиативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде медиаторға жазылу тәртібі көрсетілген, ал ресми сайтқа кіріп, онлайн түрде медиаторға өтінім қалдыруға болады. Медиатор өтінім мазмұнымен, жағдаймен танысып, өтінім берушімен хабарласып, дау-дамайды шешу жолдарын түсіндіреді.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында 1 медиация кабинеті, Қамысты ауданында 1 медиация кабинеті қызмет атқарады, сот ұйымдарында, әкімдіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда 27 медиациялық алаң жұмыс жасайды. Мәліметтер қорына сәйкес облыс бойынша Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 19 қоғамдық медиаторы тіркелген, олар есептік кезең барысында отбасылық, азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық жағдайларға қатысты туындаған 83 даулы мәселенің шешімін тапты. 2020 жылдың 2 тоқсанында медиация мәселелері бойынша 4 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 85-ке жуық адам қатысты.
Еліміздегі төтенше жағдай (карантин) кезінде ресми сайттарда және әлеуметтік желілерде медиация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, сәуір-мамыр айларында 20-дан астам жарияланым жарық көрді. Сонымен қатар, онлайн форматта іс-шаралар өткізілді:
2020 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері С.А. Богатырев, О.Н. Евдокимова, И.А. Зуев ZOOM қосымшасы арқылы «Тарих», «Бейнелеу өнері», «Психология» мамандықтарының студенттері үшін «Медиация және халықтық дипломатия мектебі» тақырыбында онлайн сабақ өткізді. Олар іс-шара қатысушыларын медиация негіздерімен, белгілі бір дау-дамайлардың шешілу әдістерімен, бірлік пен келісімге қол жеткізу жолдарымен таныстырды. Конференция барысында студенттер өздерін толғантқан сауалдарға жауап алды.
1 мамыр күні Zoom қосымшасында «Біздің күшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты виртуалды қабылдау өтті, іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Виртуалды қабылдау барысында ҚХОА Медиация кеңесінің мүшелері (кәсіби медиаторлар, психологтар, судьялар, заңгер кеңесшісі, ЭМБ белсендісі) қатысушыларды Медиация негіздерімен, бітімгерлік рәсімінің тәртібімен таныстырып, жиі туындайтын даулы мәселелер туралы баяндады.
Қабылдауға қоғамдық медиаторлар, Қостанай облысының басқа аудандарының тұрғындары қатысты, олар аудандарындағы жағдаймен (карантинге байланысты) бөлісті. Виртуалды қабылдау қатысушылары медиаторларға тікелей сұрақтар қойып, құқықтық кеңестер алды. Виртуалды қабылдау барысында еңбек қатынастары, отбасы-тұрмыстық қатынастар, мектептік медиация және өзге мазмұндағы 20 сұрақ қойылды.
Виртуалды қабылдау оң нәтиже көрсетті, медиаторлар мен қатысушылар (жеке кеңес беру, жұмыс жасау үшін) байланыс телефондарымен алмасты. Халықты қабылдауды онлайн өткізу - жаңашыл тәжірибе, заманауи медиацияны дамытуға нық қадам. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері аймақтағы келісімді сақтауға және дау-дамайлардың алдын алып, келіспеушіліктерді шешуге бағытталған жұмысын жалғастыра бермек.
Қостанай облысының қалалары мен аудандарында қоғамдық медиаторлар медиация институтын насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізуде. Мәселен, маусым айының бірінші онкүндігінде Әулиекөл ауданының Қоғамдық медиаторы Б.Е. Қасымова сан түрлі сала қызметкерлері үшін «Медиация институты» атты 2 оқыту семинар-тренингін өткізді, іс-шараға 25-тен астам адам қатысты, ұйымдастырушы қатысушыларды медиация институтының тарихымен таныстырып, бітімгерлік үрдістің негізгі кезеңдері туралы хабар берді. Даулы жағдайлардың алдын алу бойынша мысалдар келтірді.
Медиация кабинеттерінің және қоғамдық медиаторлардың жұмысы болашақта да қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталмақ.