Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі 2020 жыл барысында сан түрлі форматтағы 398 іс-шара өткізіп, қатысты. Іс-шараларға 28855 адам қатысты. Іс-шаралар туралы ақпарат 128-ден астам БАҚ-да жарияланды.
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі - қайырымдылық. 2020 жылдың 1 тоқсанында дәстүрлі «Қайырымды істер күні» іс-шарасы өткізілді. 2020 жылдан бері бұл игі іс-шара ай сайын ұйымдастырылуда. Игі іс-шара аясында тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар (350 адам) ата-аналарымен бірге Қостанай қаласындағы және облыс аймақтарыдағы ойын-сауық орталықтарын аралап, көңіл көтерді.
Барлық деңгейдегі Аналар кеңестері «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты. Іс-шара аясында 1700 жанұяға көмек көрсетілді.
Әулиекөл аудандық Аналар кеңесінің мүшелері «Мектеп пен қоғамдастықты дамыту» ҚҚ-ның Қарттар күніне орай (1 қазан) ұйымдастырған акцияға белсенді қатысты. Аналар кеңесінің мүшелері қоғамдық қордың басшысымен бірлесіп, 13 қарияны мерекемен құттықтап, азық-түлік жиынтықтарын табыс етті, игі іске 26000 теңге жұмсалды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтау үшін еріктілер тартылды, олар мультфильм кейіпкерлерін сомдап, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық акция аясында үш балаға сыйлық (балалардың қажеттіліктеріне сәйкес) табысталды. Игі іске 9000 теңге жұмсалды. Қараша айында тұрмыс жағдайы төмен екі жанұя мүшелеріне қысқы киім сыйға тартылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне және Жаңа жыл мерекесіне орай Аналар кеңесінің мүшелері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті.
«СарыарқаАвтоПром» «АгромашХолдинг» АҚ жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен Қостанай қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі 92 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, еріктілер қозғалысы дамып келеді, бұрынғы қызметкерлер-зейнеткерлерге көмек көрсетіліп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына азық-түлік жиынтықтары таратылады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас таланттар байқауы өткізілді, оған 0-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Жеңімпаздар бес номинация бойынша марапатталды. Барлық іс-шаралар кәсіпорын қабырғасында өтті.
Арқалық қалалық Аналар кеңесінің мүшелері пәтері өртке оранған Шанаевтар отбасына көмек көрсетті.
Аналар кеңестері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және идеологиялық тәрбие ісіне ерекше мән береді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай қаласындағы 20-дан астам мектепте «Ақпараттық сағаттар» өткізілді. Аналар кеңесінің төрайымы мен Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері оқушыларға достықтың шаңырағына айналған Ассамблеяның құрылу тарихымен, мақсат-міндеттерімен таныстырып, маңыздылығын жеткізді.
2020 жылдың 28 ақпанында Ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан халқы облыстық Аналар кеңесі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірлесіп, «Абайдың рухани мұрасы» тақырыбында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізді
Іс-шара университеттің Smart-орталығында өтті, оған Қостанай қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 15-тен астам студенті қатысты. Іс-шараның мақсаты - Абайдың шығармалары арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттау, шешендік өнер пен тіл мәдениетін дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру.
Байқау:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай Құнанбайұлының екі өлеңін оқу (3 минут);
- «Ойлы болсаң, озып көр» (М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы бойынша сұрақтарға жауап беру);
- «Абай афоризмдері» (Абай афоризмдерінің мағынасын ашу) сынды үш бөлімнен (номинация) тұрды.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі 2020 жылдың 26 сәуірі-2 мамыры аралығында «Бір шаңырақ астында» челленджін іске қосты, оған Қостанай облысының оннан астам өңірінің тұрғындары қатысты, челленджді қолдаушы 30 азаматтың бейнежарияланымдары жарық көрді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгі есте сақтаймыз» тақырыбында облыстық Аналар кеңесі мүшелері және мектеп оқушылары сұрапыл кезеңдегі оқиғалар туралы деректер мен тарихи анықтамаларды қамтитын эсселер жазып, бейнероликтер топтамасын көрсетті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі онлайн форматта (бейнеролик) балаларды мерекемен құттықтады. Құттықтаудың мақсаты – аға буын өкілдерінің өскелең ұрпақтың қауіпсіздігіне назар аударту.
Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Аналар кеңесінің төрайымы Ш.В. Саркисян Қостанай облысының барлық жанұяларын Отбасы күнімен құттықтап, Отанға деген махаббат жанұяға деген сүйіспеншіліктен басталатынын, отбасылық тәрбие - салауатты және жарқын болашақтың кепілі екендігін жеткізді.
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Аналар кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауын іске асырудағы рөлі мен маңызы» тақырыбында Аналар кеңесінің отырысы өтті, сондай-ақ, 2019 жылдың 20 желтоқсанындағы хаттамалық тапсырманың орындалу барысы талқыланды.
2020 жылдың 26 қарашасында барлық деңгейдегі Аналар кеңестерінің мүшелері Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.
2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының қорытынды онлайн отырысына қатысты. Іс-шара барысында Аналар кеңесінің төрайымы соңғы бес жыл барысында атқарылған жұмысты қорытындылады.
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің құрметті мүшесі К.Ә. Малшыбаева коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған екі бейнеролик түсіріп, педиатр – бала дәрігері ретінде ата-аналарға балалардың денсаулығын нығайту жөнінде кеңес берді. Барлық деңгейдегі Аналар кеңестерінің мүшелері мұндай бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысып, карантин жағдайында ата-аналар мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде кеңес береді.
Аналар кеңестері мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, әкелердің рөлін арттыру мақсатында халықаралық әкелер күніне орай «Әке асқар тау» әкелер фестивалінің жеңімпаздары әлеуметтік желілерде өнегелік лайфхактар ұсынды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас таланттар байқауы өткізілді, оған 0-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Жеңімпаздар бес номинация бойынша марапатталды.
Аналар күнін мерекелеу аясында «Бірліктің әлдиі» онлайн-жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты - сан түрлі этностардың бесік жырын орындау дәстүрін жаңғырту, өскелең ұрпаққа бесік жырының бала тәрбиесіндегі рөлін және ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсартатын құрал ретіндегі маңыздылығын түсіндіру.
Арқалық қалалық Аналар кеңесі Арқалық қаласының білім бөлімімен бірлесіп, отбасын біріктіруге, әлеуметтік желілер пайдаланушыларының арасында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған «Жұлдызды отбасы» атты онлайн байқау ұйымдастырып, өткізді.
Аналар кеңесінің мүшелері БАҚ (теледидар, газеттер) арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі А. Кішкентаева облыстық телеарна арқылы көрсетілетін «Бірінші студия» бағдарламасына қатысып, жас отбасылар клубының жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ, жас отбасыларға некені сақтау жөнінде кеңестер берді.
Барлық деңгейдегі Аналар кеңесінің мүшелері Қостанай облысында алғаш рет өткізілген Ақпараттандыру күні (мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күніне арналған) аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты. Аналар кеңесінің қолдауымен «Біз әртүрліміз, біз теңбіз, біз біргеміз» баннері ілініп, БАҚ-да мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктеріне арналған мақалалар жарияланды.
Аналар кеңесінің қолдауымен көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұялардан шыққан 2020 жылғы колледж түлектерін (техникалық білімі бар) «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не және «АгромашХолдинг» АҚ-на жұмысқа орналастыру бойынша (келіссөздер өткізілуде) жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің мақсаты - дәстүрлерді берік ұстанатын қазақстандық отбасын нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету. Аналар кеңесінің негізгі міндеті – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау.
Жоғарда аталған барлық іс-шаралар туралы ақпарат Instagram, Facebook, Вконтакте сынды әлеуметтік желілерде және «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында кеңінен жарияланған.