Chania
486
29.06.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің 2020 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылдың 2 тоқсаны бойынша Қостанай облысында 22 Аналар кеңесі қызмет атқарады. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Аналар кеңестері сан түрлі 117 іс-шаралар өткізді. Іс-шараларға 9143 адам қатысты. 

Төтенше жағдай кезеңінде барлық іс-шаралар онлайн форматта өткізілді. Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі 2020 жылдың 26 сәуірі-2 мамыры аралығында «Бір шаңырақ астында» челленджін іске қосты, оған Қостанай облысының оннан астам өңірінің тұрғындары қатысты, челленджді қолдаушы 30 азаматтың бейнежарияланымдары жарық көрді.

Аналар кеңесінің мүшелері оқшаулау режимінде қиындыққа душар болған азаматтарға онлайн форматта психологиялық көмек (тегін) көрсетті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгі есте сақтаймыз» тақырыбында облыстық Аналар кеңесі мүшелері және мектеп оқушылары сұрапыл кезеңдегі оқиғалар туралы деректер мен тарихи анықтамаларды қамтитын эсселер жазып, бейнероликтер топтамасын көрсетті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі онлайн форматта (бейнеролик) балаларды мерекемен құттықтады.  Құттықтаудың мақсаты – аға буын өкілдерінің өскелең ұрпақтың қауіпсіздігіне назар аударту.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Агромашхолдинг» АҚ сынды кәсіпорындарда Аналар кеңесі құрылды. Аталмыш Аналар кеңесінің мүшелерімен бірлестікте материалдық көмекке мұқтаж жандарға арналған «Добро» («Мейірім») сайты іске қосылды. Психологиялық қолдау телефоны жұмыс істейді.

Сондай-ақ, еріктілер қозғалысы дамып келеді, бұрынғы қызметкерлер-зейнеткерлерге көмек көрсетіліп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына  азық-түлік жиынтықтары таратылады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас таланттар байқауы өткізілді, оған 0-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Жеңімпаздар бес номинация бойынша марапатталды. Барлық іс-шаралар кәсіпорын қабырғасында өтті.

Халықаралық әкелер күніне орай «Әке асқар тау» әкелер фестивалінің жеңімпаздары әлеуметтік желілерде өнегелік лайфхактар  ұсынды.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің дәстүрлерді берік ұстанатын қазақстандық отбасын нығайтуға, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастырмақ.