2020 жылдың 31 желтоқсаны сәтінде Қостанай облысының аумағында 22 Аналар кеңесі жұмыс істейді, аталмыш құрылымдар сан түрлі форматтағы 84 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, іс-шараларға 9600 адам қатысты.
Барлық деңгейдегі Аналар кеңестерінің мүшелері Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің құрметті мүшесі К.Ә. Малшыбаева коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған екі бейнеролик түсіріп, педиатр – бала дәрігері ретінде ата-аналарға балалардың денсаулығын нығайту жөнінде кеңес берді. Барлық деңгейдегі Аналар кеңестерінің мүшелері мұндай бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысады, карантин жағдайында ата-аналар мен балалардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде кеңес береді.
Дәстүрлі қазақстандық отбасын нығайтуға, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге, отбасы мүшелерінің басын қосып, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған «Пока все дома» («Бәріміз үйде болайық») атты апта сайынғы айдар (онлайн іс-шара) көрермендердің назарына ұсынылуда.
Арқалық қалалық Аналар кеңесі Арқалық қаласының білім бөлімімен бірлесіп, отбасын біріктіруге, әлеуметтік желілер пайдаланушыларының арасында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған «Жұлдызды отбасы» атты онлайн байқау ұйымдастырып, өткізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының қорытынды онлайн отырысына қатысты. Іс-шара барысында Аналар кеңесінің төрайымы соңғы бес жыл барысында атқарылған жұмысты қорытындылады.
Аналар кеңесі жұмысының басым бағыттарының бірі – қайырымдылық, 2020 жылдың 4 тоқсанында «СарыарқаАвтоПром» «АгромашХолдинг» АҚ жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен Қостанай қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі 92 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Арқалық қалалық Аналар кеңесінің мүшелері пәтері өртке оранған Шанаевтар отбасына көмек көрсетті.
Әулиекөл аудандық Аналар кеңесінің мүшелері «Мектеп пен қоғамдастықты дамыту» ҚҚ-ның Қарттар күніне орай ұйымдастырған акцияға белсенді қатысты. Аналар кеңесінің мүшелері қоғамдық қордың басшысымен бірлесіп, 13 қарияны мерекемен құттықтап, азық-түлік жиынтықтарын табыс етті, игі іске 26000 теңге жұмсалды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтау үшін еріктілер тартылды, олар мультфильм кейіпкерлерін сомдап, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық акция аясында үш балаға сыйлық (балалардың қажеттіліктеріне сәйкес) табысталды. Игі іске 9000 теңге жұмсалды. Қараша айында тұрмыс жағдайы төмен екі жанұя мүшелеріне қысқы киім сыйға тартылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне және Жаңа жыл мерекесіне орай Аналар кеңесінің мүшелері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тарту етті.
Аналар кеңесінің мүшелері БАҚ (теледидар, газеттер) арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі А. Кішкентаева облыстық телеарна арқылы көрсетілетін «Бірінші студия» бағдарламасына қатысып, жас отбасылар клубының жұмысы туралы баяндады, сондай-ақ, жас отбасыларға некені сақтау жөнінде кеңестер берді.
Барлық деңгейдегі аналар кеңесінің мүшелері Қостанай облысында алғаш рет өткізілген Ақпараттандыру күні (мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күніне арналған) аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты. Аналар кеңесінің қолдауымен «Біз әртүрліміз, біз теңбіз, біз біргеміз» баннері ілініп, БАҚ-да мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістіктеріне арналған мақалалар жарияланды.
Аналар кеңесінің қолдауымен көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен жанұялардан шыққан 2020 жылғы колледж түлектерін (техникалық білімі бар) «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не және «АгромашХолдинг» АҚ-на жұмысқа орналастыру бойынша (келіссөздер өткізілуде) жұмыс жүргізілуде.
Жоғарда аталған іс-шаралар туралы ақпарат Instagram, Facebook, Вконтакте сынды әлеуметтік желілерде және «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында кеңінен жарияланған.