2020 жылдың 1 қазаны сәтінде Қостанай облысының аумағында 22 Аналар кеңесі жұмыс істейді, аталмыш құрылымдар сан түрлі форматтағы 93 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, іс-шараларға 5396 адам қатысты.
Барлық деңгейдегі Аналар кеңесі «Мектепке жол» атты республикалық акцияға қатысты. Іс-шара аясында 1700 жанұяға көмек көрсетілді.
Дәстүрлі қазақстандық отбасын нығайтуға, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттап, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге, отбасы мүшелерінің басын қосып, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған (әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында ұйымдастырылатын) «Пока все дома» («Бәріміз үйде болайық») атты апта сайынғы айдар көрермендердің назарына ұсынылуда.
Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Аналар кеңесінің төрайымы Ш.В. Саркисян Қостанай облысының барлық жанұяларын Отбасы күнімен құттықтап, Отанға деген махаббат жанұяға деген сүйіспеншіліктен басталатынын, отбасылық тәрбие - салауатты және жарқын болашақтың кепілі екендігін жеткізді.
Аналар күнін мерекелеу аясында «Бірліктің әлдиі» онлайн-жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты - сан түрлі этностардың бесік жырын орындау дәстүрін жаңғырту, өскелең ұрпаққа бесік жырының бала тәрбиесіндегі рөлін және ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсартатын құрал ретіндегі маңыздылығын түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында белгіленген отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығын жақсартуға бағытталған бейне-дәрістер топтамасы дайындалды.
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Аналар кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауын іске асырудағы рөлі мен маңызы» тақырыбында Аналар кеңесінің отырысы өтті, сондай-ақ, 2019 жылдың 20 желтоқсанындағы хаттамалық тапсырманың орындалу барысы талқыланды.
Жоғарда аталған іс-шаралардың барлығы Instagram, Facebook, Вконтакте сынды әлеуметтік желілерде және Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында кеңінен жарияланды.