Chania
751
24.12.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2020 жылдың барысында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылы Қостанай облысында 233 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде (облыстық - 1, қалалық, аудандық - 20, ауылдық – 210, ірі кәсіпорындарда   («ССТКӨБ» АҚ, Рудный қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ) –2.

2020 жыл барысында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері 883 онлайн іс-шара өткізді. Іс-шараларға 28 803-тен астам адам қатысты.

Коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында ақпараттық-танымдық, идеологиялық, мәдени-ағартушылық мазмұндағы онлайн іс-шаралар кешені әзірленді.

2020 жылдың 12 ақпанында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің институтын және барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді сұхбаттық алаңдар ретінде нығайтудың Бірыңғай күні өткізілді.

Бірыңғай күн облыстың 19 аймағында (16 аудан, 3 қала) ұйымдастырылды, 41 іс-шараға (дөңгелек үстел – 23, азаматтарды қабылдау – 4, қайырымдылық акция – 5, дәріс – 4, кездесу – 4, облыстық деңгейдегі кеңейтілген отырыс - 1) 776-дан астам адам қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің және барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының өкілдері қатысты.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеңейтілген отырыс өткізілді. Күн тәртібінде «Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің сындарлы диалог негізінде азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі», «Қостанай облыстық Қоғамдық кеңестерінің қызметі», «Nur Otan» партиясының қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған қызметі» сынды мәселелер қарастырылды.

Іс-шара аясында қатысушылар мемлекеттегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған үздік тәжірибелерімен алмасты және халық арасында туындаған мәселелерді реттеу жолдарын анықтады.

Отырыс нәтижесінде қазіргі қоғамдағы ұлтаралық қатынастарды нығайту үшін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды арттыру қажеттілігі жөнінде шешім қабылданды.

Жітіқара ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Н. Оразалинов «Қостанай минералдары» АҚ оқу орталығында «Қостанай минералдары» АҚ жұмыскерлерімен сұхбаттық алаң өткізді, азаматтар қабылданды. «Nur Otan» партиясымен бірлестікте тұрмыс жағдайы төмен 2 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Әулиекөл ауданындағы Бірыңғай күн аясындағы іс-шаралар сан түрлі форматта (дөңгелек үстелдер, азаматтарды қабылдау, дәрістер, қайырымдылық акциялар) өтті, іс-шараларға 140-тан астам адам қатысты.

Қарабалық ауданында «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы және болашағы»  тақырыбына арналған дәріс өтті. Іс-шара барысында қазіргі Қазақстандағы этномәдени даму мәселелері зерттелді.

Іс-шара туралы ақпарат республикалық және аймақтық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде (республикалық – 1, аймақтық – 1, газеттер – 6, әкімдіктің ресми ғаламтор-ресурсы – 12, әлеуметтік желілер (Инстаграм, Вконтакте, Фейсбук, Твиттер, Однокласники)30 және өзге БАҚ – 2) кеңінен жария етілді.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі 2020 жылдың 21 сәуірі-2мамыры аралығында «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» онлайн-байқауын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік желі пайдаланушыларын мемлекет тарихымен таныстыру, сан түрлі ұлт пен ұлыстардың өкілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқау қатысушылары Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде достық, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы туралы пікірлерін жариялады. Олар Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді. Жітіқара қалалық №3 мектеп-лицейінің 16 жасар оқушысы Елизавета Глазко онлайн байқаудың жеңімпазы атанды.

Қазақстан халқы Қарасу аудандық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жеке қаражат есебінен Қарасу ауданындағы үш жанұяны азық-түлікпен және гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарасу ауданының Комсомол ауылында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы жанұялар және аға буын өкілдері азық-түлікпен, жеке гигиеналық құралдарымен және бетперделермен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Меңдіқара аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Н.И. Козлова Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы барша қауымды аудандық кеңестің жұмысымен таныстырды. Кеңес мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлердің арқасында еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде дүние-мүлкі өртке оранған азаматтарға материалдық көмек көрсетілді, мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді, жетім қызға пәтер сатып алынды.

Қазақстандағы «Абай күні!» атты жаңа мерекеге орай онлайн режимде құттықтау айдары жарық көрді, іс-шара аясында облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі А.И. Суслова облыс тұрғындарын мерекемен құттықтап, Абай мұрасының тарихи аспектілеріне тоқталды. «Абай туындылары - отансүйгіш, еңбекқор, парасатты ұрпақты тәрбиелеудің негізі» екендігін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстық қоғамдық келісім кеңесі қала тұрғындарының Конституция туралы білімдерін тексеру мақсатында халықтық сұхбат өткізді.

2020 жылдың 17 қарашасында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің бастамасы бойынша орта-арнайы оқу орындарының студенттерімен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеуге бағытталған  зияткерлік зертхана» тақырыбына арналған онлайн-кездесулер  өткізілді.

Іс-шара барысында  спикерлер қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздерін  айқындап, талқылады, сонымен қатар,  бұл модельді жастар арасында насихаттау қажеттілігін жеткізді. Онлайн-кездесу қатысушылары әлемде орын алып жатқан елеулі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған жұмыста жаңа тәсілдер табу қажеттігін ерекше атап өтті.

2020 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты онлайн конференция өткізілді. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының мүшелері, Челябі облыстық Достық Үйінің директоры Юлия Лапидус (арнайы қонақ),  студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Б.Майлин аудандық Қоғамдық келісім кеңесі аймақтағы даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында идеологиялық жұмыстар жүргізуде, бұл мақсатта ауданда дөңгелек үстел өткізілді.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының бірлескен отырысы өтті, іс-шара барысында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының  2020 жылғы жұмысы  қорытындыланып, 25 жылдық қызметінің жетістіктері аталып өтілді.

2020 жылдың 4 тоқсанында Қоғамдық келісім кеңестерімен 894 өтініш қаралды, барлық мәселелердің шешімі табылды.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамайды, төтенше жағдай (пандемия) кезінде бар білімдері мен күш-жігерлерін аямай, әрбір іске асқан жауапкершілікпен қарап, адамгершілік қасиеттерін танытып, мұқтаж жандарға әрдайым көмектесуге дайын және кез келген қиындыққа төтеп беруге әзір деген қорытынды шығаруға болады.