2020 жылдың 2 тоқсаны сәтінде Қостанай облысында 233 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде (облыстық - 1, қалалық, аудандық - 20, ауылдық – 210, ірі кәсіпорындарда – 2 «ССТКӨБ» АҚ, Рудный қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ).
2020 жылдың екінші тоқсанында Қостанай облысының Қоғамдық келісім кеңестері бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған 233-тен астам сан түрлі іс-шара өткізді. Іс-шараларға 6257-ден астам адам қатысты.
Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеу аясында және 1 мамырға арналған онлайн-іс-шаралардың республикалық жоспарын орындау мақсатында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерімен сан түрлі форматтағы онлайн іс-шаралар кешенін өткізді.
Мысалы, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі 2020 жылдың 21 сәуірі-2мамыры аралығында «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» онлайн-байқауын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік желі пайдаланушыларын мемлекет тарихымен таныстыру, сан түрлі ұлт пен ұлыстардың өкілдеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқау қатысушылары Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде достық, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы туралы пікірлерін жариялады. Олар Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді. Жітіқара қалалық №3 мектеп-лицейінің 16 жасар оқушысы Елизавета Глазко онлайн байқаудың жеңімпазы атанды.
Қазақстан халқы Қарасу аудандық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жеке қаражат есебінен Қарасу ауданындағы үш жанұяны азық-түлікпен және гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарасу ауданының Комсомол ауылында «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы жанұялар және аға буын өкілдері азық-түлікпен, жеке гигиеналық құралдарымен және бетперделермен қамтамасыз етілді.
Қазақстан халқы Меңдіқара аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мен Жастар ресурстық орталығы «Достық дастарқаны» онлайн-байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін көрсету. Себебі, ұлттық тағамдар – елдің өзіндік ерекшелігін танытып, мәдениетінен, салт-дәстүрінен, сондай-ақ тарихынан сыр шертеді.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері елдегі жағдайға қарамастан қызметтерін белсенді жалғастыруда: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын бағдарламаларға қатысады, әлеуметтік желілерде (республикалық - 1, газеттер - 7, ресми ғаламтор ресурстары - 3, әлеуметтік желілер- 60) этносаралық қатынастар саласындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға арналған материалдарды жариялайды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбіл Еркін Аманжолұлының «Память горьких лет» Storytime-ы Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы әлеуметтік желілерінің ресми парақшасында жарияланды.
Облыс тұрғындары әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу үшін Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің Қоғамдық қабылдауына жүгінеді.
Осы уақыт аралығында барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерімен 144 өтініш қабылданып өз шешімдерін тапты. Көпбалалы жанұяларды тұрғын үймен қамту, жол салу, газ тарту, көшелерді жарықтандыру, аялдамалар салу, ауыз сумен қамсыздандыру бойынша 38 (26,4%), көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға материалдық, әлеуметтік көмек көрсету, аймақтарды абаттандыру, көше кезген иттерді аулау, елді мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 60 (41,7%), аға буын өкілдеріне көмек көрсету, үйі өртенген азаматтарға жөндеу жұмыстарына қаражат жинау бойынша 46 (31,9%) өтініш қаралды, барлық мәселелердің шешімі табылды.
Коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған төтенше жағдай кезінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері «Nur Otan» партиясының #БізБіргеміз акциясына қолдау көрсетті.
16 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Қоғамдық келісім кеңестері еріктілер мен аймақтағы кәсіпкерлердің көмегімен көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған сан түрлі акциялар өткізуде.
Мәселен, Қоғамдық келісім кеңесі өкілдері төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылған Алтынсарин ауданының тұрғындары үшін МӘСҚ-мен ұсынылған «42 500» теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде аудан тұрғындары нақты ақпарат алды.
Қазақстан халқы Рудный қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қалалық дәріханаларда медициналық бетперделердің, қолғаптардың және зарарсыздандырғыш құралдардың жеткілікті дәрежеде болуын және құнын анықтайтын мониторингтік топтың жұмысына қатысты.
Азаматтар мен кәсіпкерлер арасында қайырымдылықты дамытуға атсалысу, еріктілердің жұмысын облыстың барлық қалалары мен аймақтарына насихаттау Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан халқы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көмегімен 6 172 859 теңге жиналды, бұл қаражат қайырымдылыққа, және тұрмыс жағдайы төмен жанұларды азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінді.
Осылайша, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері облыс өңірлеріндегі халықтың әлеуметтік маңызға ие мәселелерін оңтайлы шешуде, ал бұл өз кезегінде еліміздің жалпыұлттық бірлігін қалыптастыратын қоғамдық келісімнің нығаюына әсер етеді.