Chania
379
24.12.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2020 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылдың 4 тоқсаны сәтінде Қостанай облысында 233 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде (облыстық - 1, қалалық, аудандық - 20, ауылдық – 210, ірі кәсіпорындарда   («ССТКӨБ» АҚ, Рудный қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ) –2.

2020 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері 195 онлайн іс-шара өткізді. Іс-шараларға 3764-тен астам адам қатысты.

Коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында ақпараттық-танымдық, идеологиялық, мәдени-ағартушылық іс-шаралар кешені әзірленді.

Мәселен, 2020 жылдың 17 қарашасында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің бастамасы бойынша орта-арнайы оқу орындарының студенттерімен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеуге бағытталған  зияткерлік зертхана» тақырыбына арналған онлайн-кездесулер  өткізілді.

Іс-шара барысында  Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александра Суслова, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қалқаман Жақып, Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Валерий Вишниченко сөз сөйледі. Спикерлер қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздерін  айқындап, талқылады, сонымен қатар,  бұл модельді жастар арасында насихаттау қажеттілігін жеткізді. Онлайн-кездесу қатысушылары әлемде орын алып жатқан елеулі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған жұмыста жаңа тәсілдер табу қажеттігін ерекше атап өтті.

2020 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты онлайн конференция өткізілді. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының мүшелері, Челябі облыстық Достық Үйінің директоры Юлия Лапидус (арнайы қонақ),  студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысып, баяндамаларын оқыды. Іс-шара барысында Елбасының өмірі мен еңбек жолына қатысты сауалдар қойылды, қатысушылар барлық сұрақтарға толыққанды жауап қайтарды.

Қостанай қаласының Қоғамдық келісім кеңесі «Біз біргеміз!» жалпықазақстандық акциясы аясында жалғыз басты қарияларды, сондай-ақ қаладағы көпбалалы жанұяларды киім-кешекпен, аяқ киіммен, азық-түлік жиынтықтарымен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек көрсетті.  Мұқтаж жандарға  (51 адамнан астам) көмек көрсетілді, игі іске 480 000 теңге жұмсалды.

 

Лисаков қаласының, Жітіқара және Ұзынкөл аудандарының  Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері аймақтарда коронавирус індетінің  таралуын болдырмау мақсатында #BizBirgemiz акциясы аясында 355-тен астам бетперде таратты,  бұл мақсатта 48550 теңге жұмсалды.

Б.Майлин ауданының Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі «Мейірім сыйла!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, өткізуге қатысты. Көпбалалы және ьұрмыс жағдайы төмен жанұялар қысқы киіммен, аяқ киіммен, кеңсе тауарларымен, тұрмыстық заттармен қамтылды. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің және Аналар кеңесінің қолдауымен мектептер ұжымы (33 адам) 72 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Б.Майлин аудандық Қоғамдық келісім кеңесі аймақтағы даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында идеологиялық жұмыстар жүргізуде, бұл мақсатта ауданда дөңгелек үстел өткізілді.

Қарабалық аудандық Қоғамдық келісім кеңесі  отырыс ұйымдастырды, іс-шара аясында тұрмыс жағдайы төмен жанұяға АӘК-ке қол жеткізуге көмектесу және мекенжай бойынша тіркеу мәселесі қарастырылды. Отбасының «тұрмыс жағдайы төмен жанұя»   санатына жататындығы туралы шешім қабылданды, жанұяға АӘК рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімі ұсынылды.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының бірлескен отырысы өтті, іс-шара барысында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының  2020 жылғы жұмысы  қорытындыланып, 25 жылдық қызметінің жетістіктері атап өтілді.

2020 жылдың 4 тоқсанында Қоғамдық келісім кеңестерімен 379 өтініш қаралды, барлық мәселелердің шешімі табылды.

Көпбалалы жанұяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, газдандыру, көшелерді жарықтандыру, аялдамалар салу қажеттігі сынды мәселелер бойынша 59 өтініш қаралды.

Көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек беру, аймақтарды абаттандыру, көше кезген иттерді аулау, елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау қажеттігі сынды мәселелер бойынша 155 өтініш қаралды.

Қарияларға көмек көрсету, өрттен зардап шеккен жандардың үйлерін жөндеуге қаржылық көмек көрсету (қайырымдылық көмек) қажеттігі бойынша  154 өтініш қаралды.

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы дауларды шешуге; ауылдық жерлердегі емханалардың жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдау қажеттігі сынды  мәселелер бойынша 11 өтініш қаралды.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамайды, төтенше жағдай (пандемия) кезінде бар білімдері мен күш-жігерлерін аямай, әрбір іске асқан жауапкершілікпен қарап, адамгершілік қасиеттерін танытып, мұқтаж жандарға әрдайым көмектесуге дайын және кез келген қиындыққа төтеп беруге әзір деген қорытынды шығаруға болады.