Chania
813
24.12.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының 2020 жыл барысында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы 2020 жыл барысында 4955 адамды қамтыған сан түрлі форматтағы 66 іс-шара өткізіп, қатысты. Іс-шаралар  туралы ақпарат 200-ден астам БАҚ жарияланымдарында жарық көрді.

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселесі бойынша жалпы білім беретін мекемелердің өкілдерімен, ЖОО-да, колледждерде білім алушы студенттермен, әріптестерімен әрдайым ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Ю.Я. Бондаренко М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ жанындағы колледж студенттеріне арналған «Межконфессиональная толерантность в молодежной среде» («Жастар арасындағы конфессияаралық толеранттылық» ақпараттық-түсіндіру тренингінің спикері ретінде қатысты. Жақып Қ.Х. «Қостанай қаласы әкімдігінің № 17 орта мектебі» ММ оқушылары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған дәріс оқып, ұлтаралық неке тақырыбына арналған пікірталастың бас сарапшысы ретінде қатысты.  Нұртазенов Т.Қ. ЧелМУ студенттеріне Президенттің жолдауын түсіндірді, Шаукенов Ж.А. практикалық семинар барысында фокус-топтың студенттерімен ұлтаралық қатынастар мәселесін талқылады, 2020 жылдың 18 ақпанында Қордай ауданындағы жағдайға байланысты (Толеранттылық пен патриотизмнің жалпыреспубликалық сабағы) Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері -  Вишниченко В.Г.,   Бекмағамбетов Ә.Б. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6997 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері үшін баяндама оқыды.

2020 жылдың 26 ақпаны-14 наурызы аралығында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қостанай қаласының 20 жалпы білім беретін мекемелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ақпараттық сағаттар» өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары оқушыларды (300-ден астам)  Ассамблеяның құрылу тарихымен, міндетімен таныстырды, ұлтаралық келісім мен Алғыс айту күнінің маңыздылығын жеткізді. Спикер ретінде қатысқан Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері - Евдокимова О.Н., Кадралинова М.Т., Вишниченко В.Г., Бекмағамбетов Ә.Б., Легкий Д.М., Шаукенов Ж.А., Тойматаев Д.Б., Нұртазенов Т.Қ., Исмаилов С.С.

2020 жылдың 27 ақпанында  Жақып Қ.Х. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Академиясының (Қостанай қ.) өкілдерімен кездесіп, Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталды. Әбілмәліков Қ.Қ. КБР жұмысшыларымен, Лисаков қалалық мұрағатының мамандарымен (Қостанай облысы) «Солтүстік Қазақстандағы этносаралық қатынастар» тақырыбына  арналған ауқымды кездесу өткізді. 2020 жылдың 28 ақпанында Бекмағамбетов Ә.Б. Сантьяго де Компостела (Испания) ғалымы, заң факультетінің докторы, профессор Мигель Абел Соутомен кездесті, іс-шара барысында, шетелдік ғалымдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының моделі ұсынылды.

2020 жыл мерейтойлық даталарға толы. Ғылыми-сараптамалық тобының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп,  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған маңызды іс-шара - онлайн-конференция ұйымдастырды.

Екі тараптың баяндамалары тыңдалып, туындаған сауалдар еркін түрде талқыланды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеу қарсаңында БАҚ-да Д.М. Легкийдің, Ж.А. Шаукеновтің жарияланымдары жарық көрді.

Қостанай облысындағы ҚХА кафедралары ауқымды жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың қаңтар айында М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-нің жанындағы ҚХА кафедрасы «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханамен бірлесіп колледж студенттері үшін «Жастар арасындағы конфессияаралық толеранттылық» атты ақпараттық-түсіндіру тренингін өткізді. Ю. Я. Бондаренко аталмыш тренингтің спикері ретінде қатысты.

2020 жылдың 20 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жанындағы ҚХА кафедрасында Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту контекстіндегі «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі» атты сұхбаттық алаң өтті, О.Н. Евдокимова, В. Г. Вишниченко, З. О. Кәрбенова іс-шараның спикерлері ретінде қатысты. 2020 жылдың 26 ақпанында ғылыми-білім беру жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Конституциясының және ҚХА-ның 25-жылдығына арналған «Мы, народ Казахстана» атты сұхбаттық алаң өтті. 2020 жылдың 21 ақпанында М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ жанындағы кәсіпкерлік колледжде  Ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шара өткізілді.

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараларды өткізу аясында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ  мүшелері 3 іс-шара өткізді, іс-шараларға 90-ға жуық адам қатысты. 2020 жылдың 17 сәуірінде этникалық тарих сабақтарын өткізу аясында  Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы іргелі зерттеулер институтының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, философия ғылымдарының докторы С.А. Қолдыбаевтың Қоғамдық сананы жаңғырту және Қазақстанның ұлттық коды» монографиясының тұсаукесері (онлайн форматта) өтті. Монографияның тақырыбы этносаясат, «қазақстандық бірегейлік», оның мемлекетті дамытудағы тарихи маңыздылығына арналған болатын. 

 2020 жылдың 24 сәуірінде ZOOM платформасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен және аймаққа, республикаға танымал спикерлермен кездесу ұйымдастырылды. Спикерлер бір жарым сағат бойы Ассамблеяның маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ, идеологияны ілгерлету, әлеуметтік желілер арқылы патриоттық тәрбие беру және дау-дамайларды оңтайлы шешу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, 24 сәуірде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қостанай облысының судьясы А.Қ. Нұрлымбаева студенттермен онлайн форматта кездесіп, төтенше жағдай  режиміне қатысты сұрақтарға жауап қайтарып, құқықтық кеңестер берді, жүріс-тұрыс ережелерін  түсіндірді.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірлесіп ағымдағы жылдың 31 мамырында ZOOM онлайн платформасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияны Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табұлденов жүргізді. Іс-шараға 20 адам қатысты. Конференцияға Орал мемлекеттік заң университетінің (Уральский государственный юридический университет) профессоры тарих ғылымдарының докторы Владимир Мотревич қатысқандықтан іс-шара халықаралық деңгейде өтті.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жастардың ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында жас ғалымдарды зерттеу жұмысына тартуда. Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауының аймақтық кезеңінде ғылыми жобаларды іріктеу комиссиясының жұмысына қатысты. Ә. Н. Табұлденов төрағалық етті, Д. А. Качеев, Әбіл Е. А., Исмаилов С. С. әділқазылар алқасының құрамына енді.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің жанындағы ҚХА кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді. Экономика факультетінің деканы Т. К. Острянина іс-шараның модераторы болды.

2020 жылдың 17 маусымында облыстың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында ZOOM онлайн платформасында М.К. Самамбеттің «Словарь казахских фразеологизмов и их смысловых эквивалентов в русском и английском языках» («Қазақ фразеологизмдерінің сөздігі және олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі мағыналық баламалары») атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының мүшелері қатысты.

2020 жылдың 10 тамызында ғылыми-сараптамалық топ мүшелері Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты халықаралық онлайн-конференцияның ұйымдастырылып, өткізілуіне атсалысты.

ZOOM платформасында  өткізілген іс-шара барысында Қостанай облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Кадралинова Мәрияш, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының (Семей қаласы) ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсенбинова  және Челябі облысы Халықтар Достығы Үйінің жанындағы «Жақсылық» облыстық қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Юлит Ысқаққызы Байдулетова сынды спикерлер Абайды танытуға, оның еңбектерін насихаттауға арналған баяндамаларын оқыды.

Онлайн-іс-шараның басында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолынан хабар беріп, Ұлы ақынның ең танымал туындыларын оқыды. Іс-шараға Ресейдің Оңтүстік Оралынан қосылған қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығына деген қызығушылықтарын жеткізді.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқық үстемдігі, адамзаттық құндылық, мемлекеттің табысты дамуының кепілі» атты онлайн - конференция  өткізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Конференцияға облыстық ҚХА консультативтік-кеңестік органдарының, Қостанай облыстық сотының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері, облыс мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Қостанай облыстық сотының судьясы Г.З. Артықбаева, Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жанындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә.Н. Табұлденов,  Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Д.А. Качеев,  Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшесі Ж.М. Дюсембаева, Қостанай жоғары медициналық колледжі «Фармация» мамандығының 2 курс студенті Е.Н. Назарец Негізгі Заңның қабылдану тарихына, ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, қазақстандық заң шығарушылар мемлекеттің табысты дамуының құқықтық базасын қалыптастырғанын жеткізді. Онлайн іс-шара аясында спикерлерге әлеуметтік желілерде адамның намысына нұқсан келтірілген жағдайда қабылданатын шаралар, балаларды қамқорлыққа алу және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Спикерлер азаматтардың барлық сұрақтарына жауап қайтарды.

2020 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты онлайн конференция өткізілді. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының мүшелері, Челябі облыстық Достық Үйінің директоры Юлия Лапидус (арнайы қонақ),  студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Іс-шара аясында Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, саясаткер Валерий Вишниченко, «Асар» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Дарья Тимина, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының мүшесі Анель Пимичева сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар Елбасының өмірі әрбір қазақстандыққа үлгі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, оның өмірі мен еңбек жолына қатысты сауалдарға  толыққанды жауап қайтарды.

2020 жылдың 26 қарашасында 2020 жылдың 26 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Онлайн дөңгелек үстел барысында спикерлер мен іс-шара қонақтары этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша  пікірлерімен алмасты.

2020 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысы өткізілді.

Қатысушылар 2020 жылғы жұмыс нәтижесін шығарды. Отырыс барысында ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары О.Н. Евдокимова мен ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Д.А. Качеев Қостанай аймағындағы этносаралық қатынастар  жағдайына тоқталды, сондай-ақ қатысушылар Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасының жобасын және Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылады.  Іс-шара аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә.Табұлденов ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы болып сайланды.  Іс-шара қатысушылары 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын  бекітті, этносаралық және қоғамдық келісімді сақтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды айқындады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Елбасы - Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауы (онлайн форматта) қорытындыланды. 

Ұсынылған 7 ғылыми жұмыстың ішінен Қостанай мемлекеттік педагогикалық   институты  «Бейнелеу   өнері   және   сызу»   мамандығының 

2-курс (қазір 3 курс) студенті Зайко Аннаның «Медиативті технологиялар заманауи мектептің білім беру кеңістігіндегі даулы жағдайларды реттеу тәсілі ретінде» ғылыми жобасы 1-орынды иеленді.   Жобаның ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы Ассамблеясы» жобалық кеңсесінің аға маманы О. Н. Евдокимова.  Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенті Синягаев Евгенийдің «Қостанайлық азаматтың антропологиялық типі» жобасы 2-орынға ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі - Азтаева Алма Төреғалиқызы («Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы).

Аймақтағы этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу, сараптамалық баға беру мақсатында оқиғалар мен фактілерге сараптамалық шолу жасалады, байқауларға жіберілетін жобалар ғылыми сараптамадан өтеді; ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық материалдар отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, конференция материалдарында жарияланады және жеке монографиялар, кітаптар, жинақтар түрінде шығарылады. Мәселен, 2020 жылдың 24 ақпанында ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің қатысуымен С.А. Қолдыбаевтың «Национальное самосознание и национальный код Казахстана» («Ұлттық сана-сезім және Қазақстанның ұлттық коды») атты монографиясының тұсаукесері өтті. Казан қаласында өткен «Алдамжаров оқулары» халықаралық конференциясының материалдар жинағында Р.И. Зекристтің «Цифровизация общества и будущее религии» («Қоғамды цифрландыру және дін болашағы»)  атты мақаласы басылып шықты (Қазан қ.), ғылыми жинақта М.Т. Кадралинованың полимәдениет мәселелеріне арналған мақаласы т.б. еңбектер жарық көрді.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Р.Қ. Әбдірахманованың «Культурный потенциал Евразийской идеи» («Еуразиялық идеяның мәдени әлеуеті») атты монографиясы және В. Г. Вишниченконың «Казахстанская модель общественного согласия» («Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі») атты оқу құралы жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінде бекітілді. Бұл еңбектер республикалық деңгейге ұсынылған болатын.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын бағдарламаларға қатысады. Теледидар, баспа және электронды БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі идеологияларын таратуға, тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған сұхбаттық алаңдардың спикерлері ретінде шақыртылады. Облыстық және қалалық газет беттерінде этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім, дін мәселелеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған Р.Ғ Нұрмағамбетовтың, Д. М. Легкийдің, Ю. Я. Бондаренконың, Р. И. Зекристтің, В. Г. Вишниченконың, Д. А. Качеевтің, Ш. В. Саркисянның, А. Б. Шалғымбековтың және т.б. мақалалары жиі жарық көреді.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері телевизиялық алаңдардың спикерлері болып табылады. «Қазақстан-Қостанай» ОТРК таңертеңгілік «Тобыл таңы» бағдарламасының, «Бірінші студия» бағдарламасының, жаңалықтар форматындағы сұхбаттың қатысушылары - Бекмағамбетов Ә.Б., Вишниченко В.Г., Качеев Д.А., Жақып Қ.Х., Әбсадықов А.А., Тойматаев Д.Б. Іс-шаралар барысында өзекті жаңалықтар (мысалы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, карантин кезінде онлайн форматта жұмыс жасау), атаулы даталардың мерекеленуі (олардың ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы (9 мамыр), Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу (31 мамыр) және т.б. туралы ақпарат таратылды. Мемлекет басшысының саяси бағыттары мен қаулылары түсіндіріледі.  Ә.Б. Бекмағамбетов («Qostanai» ОТРК, «Қостанай-АГРО» газеті, әлеуметтік желілер), В.А. Вишниченко («Qostanai» ОТРК, облыстық «Костанайские новости» газеті, «Алау» ТРК), Қ.Х. Жақып, Р.Ғ. Нұрмағамбетов, А.А. Әбсадықов («Qostanai» ОТРК), М.Т. Кадралинова, Е.А. Әбіл, Л.В. Саркисян,  Д.М. Легкий,  Д.А. Качеев,  С.С. Исмаилов  (әлеуметтік желілер), О.Н. Евдокимова (әлеуметтік желілер, ҚХА-ның онлайн  платформалары)  және т.б. Қазақстан халқының бірлігі күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен маңыздылығына, этносаралық келісім мәселелеріне арналған мақалаларын, сұхбаттарын жариялады.