Chania
428
29.06.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының 2020 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылдың 2 тоқсаны сәтінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының құрамы - 31 адам, оның ішінде: ғылым докторлары - 8, ғылым кандидаттары – 18, магистрлер – 3.

Есеп беру кезеңінде Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері 2000 адамды қамтыған сан түрлі форматтағы 17 іс-шара өткізді. Іс-шаралар  туралы ақпарат 100-ден астам БАҚ-дағы жарияланымдарда және әлеуметтік желілерде жарық көрді.

Төтенше жағдай кезінде ғылыми-сараптамалық топтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмысы онлайн форматта өтті.

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараларды өткізу аясында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ  мүшелері 3 іс-шара өткізді, іс-шараларға 90-ға жуық адам қатысты. 2020 жылдың 17 сәуірінде этникалық тарих сабақтарын өткізу аясында  Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы іргелі зерттеулер институтының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, философия ғылымдарының докторы Сафар Қолдыбаевтың Қоғамдық сананы жаңғырту және Қазақстанның ұлттық коды» монографиясының тұсаукесері (онлайн форматта) өтті. Монографияның тақырыбы этносаясат, «қазақстандық бірегейлік», оның мемлекетті дамытудағы тарихи маңыздылығына арналған болатын. 

 2020 жылдың 24 сәуірінде ZOOM платформасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен және аймаққа, республикаға танымал спикерлермен кездесу ұйымдастырылды. Спикерлер бір жарым сағат бойы Ассамблеяның маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ, идеологияны ілгерлету, әлеуметтік желілер арқылы патриоттық тәрбие беру және дау-дамайларды оңтайлы шешу мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, 24 сәуірде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қостанай облысының судьясы А. Қ. Нұрлымбаева студенттермен онлайн форматта кездесіп, төтенше жағдай  режиміне қатысты сұрақтарға жауап қайтарып, құқықтық кеңестер берді, жүріс-тұрыс ережелерін  түсіндірді.

Аймақтағы этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу, сараптамалық бағалау мақсатында оқиғалар мен фактілерге сараптамалық шолу жасалады, байқауларға жіберілетін жобалар ғылыми сараптамадан өтеді; ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық материалдар отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, конференция материалдарында жарияланады және жеке монографиялар, кітаптар, жинақтар түрінде шығарылады. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Р. Қ. Әбдірахманованың «Еуразиялық идеяның мәдени әлеуеті» атты монографиясы және В. Г. Вишниченконың «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» атты оқу құралы жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерінде бекітілді. Бұл еңбектер республикалық деңгейге ұсынылған болатын.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын бағдарламаларға қатысады. Теледидар, баспа және электронды БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі идеологияларын таратуға, тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған сұхбаттық алаңдардың спикерлері ретінде шақыртылады.

Облыстық және қалалық газет беттерінде этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім, дін мәселелеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған Р.Ғ Нұрмағамбетовтың, Д. М. Легкийдің, Ю. Я. Бондаренконың, Р. И. Зекристтің, В. Г. Вишниченконың, Д. А. Качеевтің, Ш. В. Саркисянның, А. Б. Шалғымбековтың және т.б. мақалалары жиі жарық көреді.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері телевизиялық алаңдардың спикерлері болып табылады. «Қазақстан-Қостанай» ОТРК таңертеңгілік «Тобыл таңы» бағдарламасының, «Бірінші студия» бағдарламасының, жаңалықтар форматындағы сұхбаттың қатысушылары - Бекмағамбетов Ә.Б., Вишниченко В.Г., Качеев Д.А., Жақып Қ.Х., Әбсадықов А.А., Тойматаев Д.Б. Іс-шаралар барысында өзекті жаңалықтар (мысалы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, карантин кезінде онлайн форматта жұмыс жасау), атаулы даталардың мерекеленуі (олардың ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы (9 мамыр), Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу (31 мамыр) және т.б. туралы ақпарат таратылды. Мемлекет басшысының саяси бағыттары мен қаулылары түсіндіріледі. 

Ә. Б. Бекмағамбетов («Qostanai» ОТРК, «Қостанай-АГРО» газеті, әлеуметтік желілер), В. А. Вишниченко («Qostanai» ОТРК, облыстық «Костанайские новости» газеті, «Алау» ТРК), Жақып Қ.Х., Нұрмағамбетов Р.Ғ., Әбсадықов А.А. («Qostanai» ОТРК), М.Т. Кадралинова, Е. А. Әбіл, Л. В. Саркисян,  Д. М. Легкий,  Д. А. Качеев,  С. С. Исмаилов  (әлеуметтік желілер),

О. Н. Евдокимова (әлеуметтік желілер, ҚХА-ның онлайн  платформасы)  және

т.б. Қазақстан халқының бірлігі күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен маңыздылығына, этносаралық келісім мәселелеріне арналған мақалаларын, сұхбаттарын жариялады.  

Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірлесіп ағымдағы жылдың 31 мамырында ZOOM онлайн платформасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияны Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табұлденов жүргізді. Іс-шараға 20 адам қатысты. Конференцияға Орал мемлекеттік заң университетінің (Уральский государственный юридический университет) профессоры тарих ғылымдарының докторы Владимир Мотревич қатысқандықтан іс-шара халықаралық деңгейде өтті.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жастардың ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында жас ғалымдарды зерттеу жұмысына тартуда. Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауының аймақтық кезеңінде ғылыми жобаларды іріктеу комиссиясының жұмысына қатысты. Ә. Н. Табұлденов төрағалық етті, Д. А. Качеев, Әбіл Е. А., Исмаилов С. С. әділқазылар алқасының құрамына енді.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің жанындағы ҚХА кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді. Экономика факультетінің деканы Т. К. Острянина іс-шараның модераторы болды.

2020 жылдың 17 маусымында облыстың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында ZOOM онлайн платформасында М.К. Самамбеттің «Словарь казахских фразеологизмов и их смысловых эквивалентов в русском и английском языках» («Қазақ фразеологизмдерінің сөздігі және олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі мағыналық баламалары») атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Қостанай облыстық ғылыми-сараптамалық тобының және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының мүшелері қатысты.