Chania
394
24.12.2020
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының 2020 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылдың 4 тоқсаны сәтінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының құрамы - 26 адам, оның ішінде: ғылым докторлары - 8, ғылым кандидаттары – 12, магистрлер – 3, сарапшылар – 2.

Есеп беру кезеңінде Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері 600 адамды қамтыған сан түрлі форматтағы 9 іс-шара өткізіп, қатысты.

Карантин жағдайында ғылыми-сараптамалық топтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  жұмысы онлайн-форматта іске асырылды.

Мәселен, 2020 жылдың 26 қарашасында 2020 жылдың 26 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Онлайн дөңгелек үстел барысында спикерлер мен іс-шара қонақтары этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша  пікірлерімен алмасты.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты онлайн конференция өткізілді. Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының мүшелері, Челябі облыстық Достық Үйінің директоры Юлия Лапидус (арнайы қонақ),  студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысып, баяндамаларын оқыды.

Іс-шара аясында Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, саясаткер Валерий Вишниченко, «Асар» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Дарья Тимина, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының мүшесі Анель Пимичева сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушылар Елбасының өмірі әрбір қазақстандыққа үлгі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, оның өмірі мен еңбек жолына қатысты сауалдарға  толыққанды жауап қайтарды.

2020 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс барысында ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары О.Н. Евдокимова мен ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Д.А. Качеев Қостанай аймағындағы этносаралық қатынастар  жағдайына тоқталды, сондай-ақ қатысушылар Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасының жобасын және Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын талқылады.  Іс-шара аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә.Табұлденов ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы болып сайланды.  Отырыс соңына қарай қатысушылар 2020 жыл барысында атқарылған жұмыстың нәтижесін шығарып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын  бекітті, этносаралық және қоғамдық келісімді сақтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды айқындады.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының бірлескен отырысы өтті, іс-шара барысында Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының  2020 жылғы жұмысы  қорытындыланып, 25 жылдық қызметінің жетістіктері аталып өтілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Елбасы - Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауы (онлайн форматта) қорытындыланды. 

Ұсынылған 7 ғылыми жұмыстың ішінен Қостанай мемлекеттік педагогикалық   институты  «Бейнелеу   өнері   және   сызу»   мамандығының  

2-курс (қазір 3 курс) студенті Зайко Аннаның «Медиативті технологиялар заманауи мектептің білім беру кеңістігіндегі даулы жағдайларды реттеу тәсілі ретінде» ғылыми жобасы 1-орынды иеленді.   Жобаның ғылыми жетекшісі - п.ғ.к., «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы Ассамблеясы» жобалық кеңсесінің аға маманы О. Н. Евдокимова.  Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенті Синягаев Евгенийдің «Қостанайлық азаматтың антропологиялық типі» жобасы 2-орынға ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі - Азтаева Алма Төреғалиқызы («Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы).

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ұйымдастырылатын іс-шараларға әрдайым қатысады. Теледидар, баспа және электронды БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі идеологияларын таратуға, тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған сұхбаттық алаңдардың спикерлері ретінде шақыртылады. Облыстық және қалалық газеттерге этносаралық келісім, дін тақырыптарына, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған мақалалар жариялайды.