Төрағасы: Табұлденов Әлібек Нұрмағамбетұлы
Лауазымы, жұмыс орны, қызметі – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры
Туған жері және туған жылы – 1980 жылғы 30 қазан
Ұлты - қазақ
Білімі – жоғары.
Табұлденов Әлібек Нұрмағамбетұлы – тарих ғылымдарының кандидаты.
2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (Орал қ.) «тарих ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін «Солтүстік Қазақстандағы халықтың депортациялануы және эвакуациялық-көші-қон процестері (1937-1956 жж.)» тақырыбында диссертация қорғаған.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, Қазақстан тарихы бойынша 2 оқу құралы, 2 монографиясы жарық көрген. 80-нен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
ҚР БҒМ Жас ғалымдар арасындағы «Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарды орындауы аясында адамды пайдаланумен байланысты қылмыстар жүйесіне қарсы іс-қимыл саясатын модельдеу» тақырыбындағы ғылыми жобалар байқауының жетекшісі (2020-2022 жж.).
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген.
Ресей Федерациясында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесімен танылуға (академиялық және кәсіби құқықтарға ие) мүмкіндік беретін куәлігі бар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Құрмет мадақтамасымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мадақтамасымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің алғыс хатымен, этносаралық келісім мен Қостанай облысы әкімінің «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосып жүрген үлесі үшін» Құрмет мадақтамасымен, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жобаларын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін төраға орынбасары, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің алғыс хатымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, II дәрежелі «Қайсар» төсбелгісімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі», ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» белгілерімен, медальдармен, Академия басшысының мадақтамаларымен марапатталған.
Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мақсаттары мен міндеттері: Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы 2015 жылы құрылды, оның басты мақсаты этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі өзекті бағыттары бойынша облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу болып табылады.
ҒСТ құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, колледждер, облыстың қоғам қайраткерлері (5 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты) кіреді.
Спикер ретінде, әр түрлі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына, насихаттауға бағытталған патриоттық, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған әр түрлі іс-шараларға қатысады.
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің белсенді қатысуымен облыстың екі жоғары оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылып жұмыс істеуде.
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің кафедрасын қоғамдық қатынастар және жастар ісі жөніндегі проректоры Есмұратова Рита Бағланқызы басқарады, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты - педагогика ғылымдарының кандидаты Евдокимова Ольга Николаевна жұмыс жасайды.
Бүгінде кафедра әмбебап диалог алаңына айналды, оның негізінде ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізілді.
2016 жылы ҚХОА ҒСТ мүшелері мен ұжымдық монографиясы (Қостанай облысының материалдары) негізінде «Этносааралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы мен келешегіне» қатысты және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен қазақстандық үлгісі бойынша ұлттық бірліктегі республикалық ғылыми-тәжірибелік байқауының Гран-при иегері атанды,
Ал, 2017 жылы ҚХОА ҒСТ мүшелері О.Н.Евдокимова., З.А. Карбенова, «Полиэтникалық мәдениетті қалыптастыру және жастарды рухани жаңғырту» жобасы бағыты бойынша : басынан бастап болашаққа «Мәңгілік Ел» жалпұлттық патриоттық жобасында 3 орынға ие болды.
2017 жылы өскелең ұрпақтың жұмысына ерекше назар аударылды. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің қатысуымен жастар аудиториясының назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына тарту мақсатында эксперименттік жобалар жүзеге асырылуда.
Жастар арасында толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері құрылып жұмыс жасауда жоғары оқу орындарының студенттері арасынан спикерлерді алып тең теңімен "қағидасы" бойынша тренингтер мен жағдайлық ойындарды өткізеді .
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің қатысуымен 2017 жылы жалпы 3 210 адамның қамтылуымен 160 іс-шара өткізілді.