Қостанай облысы ҚХА «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы: Жақып Қалқаман Хасенұлы
Жұмыс орны: А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ жанындағы А.Байтұрсынов мұражайының меңгерушісі
Туған күні: 1.05.1946 ж
Жоғарғы білім
Жақып Қалқаман Хасенұлы 1946 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Кенерал ауылында дүниеге келген. Философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ профессоры.
2023 жылғы 19 сәуірдегі жалпы жиналыста Қостанай облысы ҚХА «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы болып сайланды.
Марапаттары:
- Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1989),
- Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (2009),
- «Қазақстан халық ассамблеясы 20 жыл» (2015 ж.),
- «Қазақ халық ассамблеясының Қоғамдық бірлік Алтын медалі» (2017),
- А.Мұхамедиұлының «Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоттары» дипломдары (2018 ж.),
- Мәдениет және спорт министрлігінің «Тілдерді дамыту» Құрмет грамотасы (Райымқұлова А. (2019),
- «Қазақстан халық ассамблеясының 25 жыл» медальдары.
Кеңес міндеттері
Кеңестің негізгі міндеттері:
- мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
- азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту;
- жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;
- мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға, оларды шешуге, сондай-ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу;
- этномедитацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
- жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды біріктіру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру.