Chania
486
24.12.2020
Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы»

Қазақстан Республикасындағы Еріктілер жылы және «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік жоспары, Еріктілер қозғалысы орталығының жоспары аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері мен еріктілері  2020 жылы 5870 адам қатысқан сан түрлі форматтағы  35 іс-шара өткізді.

2020 жылдың 17 қаңтарында облыстық Достық Үйінің жанынан құрылған Еріктілер қозғалысы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың (денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, жастар саясаты жөніндегі басқарма және т.б.) өкілдері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының көшбасшылары, ЭМБ жастар қанаттарының белсенділері мен облыстың барлық аудандарынан келген 100-ден астам ерікті қатысты.

Іс-шара аясында Орталықтың төрайымы Анастасия Пушкарева қатысушыларды Достық Үйінің қызметкерлері жасаған http://volonteryank.tilda.ws/ сайтпен таныстырды. Сайт арқылы  орталық жұмысының бағыттары туралы ақпарат алып, аудандық еріктілер қозғалыстарының байланыс мәліметтерін көруге болады, сондай-ақ, көмекшілер қатарына қосылуға өтінім беруге болады.

Орталықтың ашылуына облыстың 20 аймағынан келген делегаттар жергілікті жерлердегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, орталық ашылғаннан соң 8 қостанайлық мектепке барып, білім, спорт, әлеуметтік және медиативтік еріктілік бағыттары бойынша сан түрлі іс-шаралар өткізді. Оқушылармен зияткерлік ойындар ойнады, спорттық жарыстар өткізді, конфликтология бойынша шеберлік сабақтарын, тренингтер ұйымдастырды.

Іс-шара соңына қарай «Баға жетпес сыйлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, еріктілер облыстық балаларға арналған аурухананың кішкентай емделушілеріне 50 кітапты сыйға тартты.

Еріктілер қозғалысы орталығының Бірыңғай ашық есік күніне 800-ден астам адам қатысты.

27 қаңтар күні Қазақстан халқы облыстық АссамблеясыЕріктілер қозғалысы орталығы Қостанай қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп кеңейтілген отырыс өткізді. Күн тәртібінде «Ардагерлер кеңесіне әлеуметтік көмек көрсету» мәселесі қарастырылды. Отырыс барысында ҚХА ЕҚО еріктілері «BIRLIK» әлеуметтік бағыты аясында тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты зейнеткерлердің қатарынан 80 ардагерге көмек көрсетеміз» деген шешім қабылдады. Олар кестеге сәйкес ардагерлерге барып, атаулы көмек көрсетті (үйін жинастырды, ауладағы қарды тазалады, азық-түлік сатып алды, бірге серуендеді).

30 қаңтар күні Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының Медиация кеңесі Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімімен бірлесіп, кеңейтілген отырыс өткізді. Отырысқа директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша медиацияның  «KELISIM» бағытын іске асыру мақсатында ҚХА ЕОҚ Қостанай қаласындағы мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін медиация бойынша тегін оқыту семинар-тренингтерін өткізу туралы шешім қабылдады. Оқыту семинарларының қорытындысы бойынша медиация институтының қызметін насихаттауға бағытталған сан түрлі форматтағы іс-шаралар кешенін өткізетін еріктілер-медиаторлар пулы  құрылды.

2020 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік  штабы «Қазақстан халқының бірлігі мен бауырластығы» атты онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Қазақстанның 7 аймағының өкілдері қатысты. Конференция барысында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев, «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің шығу тарихына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды. Іс-шара соңына қарай барлық қатысушылар «Миллионер» ойнын ойнап, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы негізгі заңдар мен тарихи фактілер жөніндегі білімдерін ортаға салды.

Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері этномәдени бірлестіктермен бірлесіп 2020 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған акцияға қатысып, Қостанай қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (45 адам) азық-түлік жиынтықтарын жеткізді.

Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ көшбасшыларының бастамасымен әлеуметтік желілерде «"Жеңіс өлендері» акциясы  ұйымдастырылды, жеңіс күніне арналған өлеңдер мен шығармалардан үзінділер оқылды. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының сайтына, ВК, фейсбук, instagram,одноклассники сынды әлеуметтік желілерге және Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының (jangyrujoly_kst)  ресми парақшасына 7 бейнеролик жарияланды.

7, 11 мамыр күндері   «Жаңғыру жолы»  РЖҚ-ның және Еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері «Halyk» қайырымдылық қоры ұйымдастырған акцияға қатысты. Еріктілер күні бойы мұқтаж жандарға салмағы 52 кг құрайтын азық-түлік жиынтықтарын үлестірді. Іс-шара аясында Қостанай қаласының 1500 жанұясы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді.

Коронавирус індетінің алдын алу және халықпен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өңірлік штабтың мүшелері, Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері 2020 жылдың 18 шілдесінде халықты қорғануға үгіттейтін республикалық акцияға қатысты. Іс-шара аясында еріктілер қала көшелеріне «Бетперде тағыңыз», «Носите маску» деген сөз тіркесін бояумен жазды. 

Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылған күні, яғни 10 тамызда ғұлама ойшылдың 175 жылдығына арналған «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты онлайн-конференцияның ұйымдастырылуына атсалысты. ZOOM платформасында  өткен іс-шара барысында Қостанай облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Кадралинова Мәрияш, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының (Семей қаласы) ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсенбинова  және Челябі облысы Халықтар Достығы Үйінің жанындағы «Жақсылық» облыстық қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Юлит Ысқаққызы Байдулетова сынды спикерлер Абайды танытуға, оның еңбектерін насихаттауға арналған баяндамаларын оқыды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жастары әлеуметтік желілер арқылы біртуар тұлғаның туындыларын таныстыруға арналған айдарды іске қосты.

5-10 тамыз аралығында өңірлік штаб белсенділері «ЭКОрейд» акциясына қатысты. Акция аясында штаб мүшелері Тобыл өзенінің жағалауын тазалады.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы- құқық үстемдігі, адамзаттық құндылық, мемлекеттің табысты дамуының кепілі» атты онлайн-конференция  өткізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Конференцияға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының, Қостанай облыстық сотының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері, облыс мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Қостанай облыстық сотының судьясы Г.З. Артықбаева, ҚХОА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің жанындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә. Н. Табұлденов,  ҚХОА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Д.А. Качеев,  Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшесі Ж. М. Дюсембаева, Қостанай жоғары медициналық колледжі «Фармация» мамандығының 2 курс студенті Е.Н. Назарец Негізгі Заңның қабылдану тарихына, ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, қазақстандық заң шығарушылар мемлекеттің табысты дамуының құқықтық базасын қалыптастырғанын жеткізді. Онлайн іс-шара аясында әлеуметтік желілер арқылы спикерлерге адамның намысына нұқсан келтірілген жағдайда қабылданатын шаралар, балаларды қамқорлыққа алу және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды Спикерлер азаматтардың барлық сұрақтарына жауап қайтарды.

Бұқаралық ақпарат құралдырында 202 материал жарияланды, оның ішінде: бейнесюжеттер - 20, ресми сайттардағы және облыстық баспа басылымдарындағы жарияланымдар - 182.