Chania
234
29.09.2020
Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның 2020 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы Еріктілер жылы аясындағы іс-шараларды және «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның аймақтық жоспарын іске асыру мақсатында Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері 2020 жылдың үшінші тоқсанында сан түрлі форматтағы 6 іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараларға 1050 адам қатысты.

Коронавирус індетінің алдын алу және халықпен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері 2020 жылдың 18 шілдесінде халықты қорғануға үгіттейтін республикалық акцияға қатысты. Іс-шара аясында еріктілер қала көшелеріне «Бетперде тағыңыз», «Носите маску» деген сөз тіркесін бояумен жазды.  

Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшелері қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылған күні, яғни 10 тамызда ғұлама ойшылдың 175 жылдығына арналған «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты онлайн-конференцияның ұйымдастырылуына атсалысты. ZOOM платформасында  өткен іс-шара барысында Қостанай облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Кадралинова Мәрияш, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының (Семей қаласы) ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсенбинова  және Челябі облысы Халықтар Достығы Үйінің жанындағы «Жақсылық» облыстық қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Юлит Ысқаққызы Байдулетова сынды спикерлер Абайды танытуға, оның еңбектерін насихаттауға арналған баяндамаларын оқыды.

Онлайн-іс-шараның басында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолынан хабар беріп, ұлы ақынның ең танымал туындыларын оқыды. Сонымен қатар, іс-шараға Ресейдің Оңтүстік Оралынан қосылған қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығына деген қызығушылықтарын жеткізді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жастары әлеуметтік желілер арқылы біртуар тұлғаның туындыларын таныстыруға арналған айдарды іске қосты.

5-10 тамыз аралығында аймақтық штаб белсенділері «ЭКОрейд» акциясына қатысты. Акция аясында штаб мүшелері Тобыл өзенінің жағалауын тазалады.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы- құқық үстемдігі, адамзаттық құндылық, мемлекеттің табысты дамуының кепілі» атты онлайн-конференция  өткізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Конференцияға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы консультативтік-кеңестік органдарының, Қостанай облыстық сотының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері, облыс мектептерінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Қостанай облыстық сотының судьясы Г.З. Артықбаева, ҚХОА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің жанындағы Экономика және құқық институтының директоры Ә. Н. Табұлденов,  ҚХОА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Д.А. Качеев,  Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның мүшесі Ж. М. Дюсембаева, Қостанай жоғары медициналық колледжі «Фармация» мамандығының 2 курс студенті Е.Н. Назарец Негізгі Заңның қабылдану тарихына, ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, қазақстандық заң шығарушылар мемлекеттің табысты дамуының құқықтық базасын қалыптастырғанын жеткізді. Онлайн іс-шара аясында әлеуметтік желілер арқылы спикерлерге адамның намысына нұқсан келтірілген жағдайда қабылданатын шаралар және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды (http://kostdom.kz/ru/news/1428-konstitutsiya--osnova-obschenatsio). Спикерлер азаматтардың барлық сұрақтарына жауап қайтарды.

Бұқаралық ақпарат құралдырында 35 материал жарияланды, оның ішінде: бейнесюжет - 5, ресми сайттардағы және облыстық баспа басылымдарындағы жарияланымдар - 30.