Chania
230
27.02.2023
ЭМБ ТӨРАҒАСЫ

Вальшин Салават Галимович - Қостанай облысы, «Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы, «Sal Group» ЖШС бас директоры.

27.05.1979 ж.т., башқұрт.

Өмірбаяны

Вальшин Салават Галимович 1979 жылы 27 мамыр күні, Қазақстанда,  Қостанай облысы, Боровской ауданы,  Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған. Университетті бітіргеннен соң, «Тұран Әлем Банк» АҚ-да ШОБ несиелеу бойынша маман болып жұмыс істей бастады. 2012 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік еңбек жолын бастаған.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Sal Group» ЖШС бас директоры
2021 жылдың қараша айынан бастап «Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы болып сайланды.