Chania
246
03.10.2022
Төрағасы

СОТНИКОВ ЕВГЕНИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ – Қостанай облысы белорус қауымдастығының төрағасы   
2 қазан 1985 ж.
Марапаттары:
- «Журналистика» номинациясы бойынша «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» лауреаты (2011 ж.);
- «ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы» медалі (2021 ж.);
Өмірбаяны:
Сотников Евгений Владимирович 1985 жылы 2 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келген. Мектепте оқып жүргенде өзін шығармашылық тұлға ретінде көрсетіп, мектеп іс-шараларын өткізді, мектептің драма үйірмесінде ойнады. Музыка мектебінің хор бөлімі, «фортепиано» сыныбы бойынша оқу бітірген.  
Өзінің еңбек жолын 2005 жылы «Алау» ТРК-да тележүргізуші және радиожүргізуші ретінде бастаған. Мектепті бітіргеннен кейін, 2007 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне «Техникалық аударма» мамандығы бойынша оқуға түседі, кейін МБЖМ «Жоғары ұлттық телевизия және радио мектебі», «Телерадио жүргізушісінің шеберлігі» (Мәскеу қ., 2011 ж.) қосымша білім алды.
2012 жылдан бастап Сотников Евгений Владимирович «Қостанай кабельдік желілері» телеарнасында жұмыс атқарады. Кәсіби жүргізуші.  
Жұмыстан бос уақытында қоғамдық қызметпен айналысады. Карантин кезінде қалалық емханаларда оттегі баллондарын түсіруге көмектесіп, өзін ерікті ретінде көрсетті.  
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, Праймериз қатысушысы, ҚХА және Достық үйі іс-шараларының белсенді қатысушысы,  «Жизнь на ладони» қайырымдылық жобасының қатысушысы, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі республикалық байқаулардың, кең ауқымды акциялардың тұрақты жүргізушісі, Қостанай облысының жастар жобаларын іске асыруға, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының қоғамдық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ат салысады.