Chania
451
10.12.2019
Мейрам келе жатыр!

«Возрождение» неміс этномәдени орталығы келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Гүлдей жайнаған жүргізуші мен Әулие Николаус бүлдіршендерге естен кетпес қуаныш сыйлады.

Әулие Николаус жыл сайын 6 желтоқсан күні неміс балаларына тәттілер таратады. Бұл жолы Әулие Николаус сан түрлі байқауларға қатысып, белсенділік танытқан балаларға сыйлық  табыстады.

Балалар сурет салып, би биледі, баскетбол ойнап, жұмбақ шешті. Оларға  ата-аналары қолдау көрсетті.

«Бұл 1555 жылы күнтізбеге енгізілген дәстүрлі мейрам. Балалар бұл күнді асыға күтеді, себебі Әулие Николаустан рождестволық сыйлық алады. Әулие Николаусты  Рождествоға сыйлықтар әкелетін Вайнахтсманмен жиі шатастырады. Бұл кейіпкерлердің пайда болу тарихы, тіпті киім үлгісі әртүрлі, бірақ, балалар екеуін де жақсы көреді, себебі олар жақсылықтың жаршылары», - дейді неміс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Елена Шик.

Құрметпен

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ