Chania
379
09.12.2019
«БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖАНЫНАН ОТБАСЫН ҚОЛДАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ ҚАЖЕТ»

Қостанайда облыстық прокуратура мен білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқын алдын алу: ведомствоаралық өзара әрекеттестік ресурстары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы аясында құрылған. Оған облыстық Аналар кеңесі жетекшілік етеді.

«Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» жобасының арқасында үш жылдың ішінде біршама маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды, іс-шараларға екі мыңнан астам адам қатысты. Біздің мақсатымыз – психологиялық көмекке мұқтаж жанұяларды анықтап, оларға көмек беру. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын болдырмау. Бұл ретте психологтар ата-аналармен, ұстаздармен кездесіп, кеңес береді», - дейді Достық Үйінің бас сарапшысы Қанағат Қасым.

Сарапшылар жобаның жұмысына жоғары баға беріп, білім бөлімдерінің жанынан ресурстық орталықтар құру жөнінде шешім қабылдады.