Chania
493
19.11.2019
Аналар кеңесі – ұлағат мектебі

Қостанай қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі аналар кеңестерінің рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.    

Отырыстың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі Ж.К.Түймебаев, облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов, Жалпыұлттық жоспардың іске асырылуына жауапты орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар ассамблеялары Аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктерінің  төрағалары мен мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының Жолдауында отбасылық құндылықтарды сақтауға, ұлттық салт-дәстүрлерді дамытуға, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауға, тұрмыстық-зорлық зомбылықты, масылдықты жоюға байланысты берілген тапсырмаларды орындаудағы аналар кеңестерінің рөлі талқыланады.   DSC_3202

Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болып отыр. Бұл кеңестің құрылуы  Елбасы саясатын жүзеге асыруға, ондағы айтылған тапсырмаларды тындырымды атқаруға тың серпін беруде. Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.К.Түймебаев бүгінгі шараның өткзу орны ретінде Қостанай өңірінің бекерден  таңдалмағанын атап өтті:

— Қостанай облысы – бейбітшілік пен келісімнің үлгісі, соңғы жылдары мұнда бірде-бір жанжал болған жоқ, — дей келе Тобыл өңірінің қашанда бірлік пен берекеге толы екенін мақтанышпен айтты. Қостанай өңірінде атқарылып жатқан оң өзгерістерді тізбектей келе осындай іске бастамашыл болған аймақ басшысы А. Мұхамбетовке алғысын білдірді.  

DSC_3105

Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі қонақтарға ақ жол тілеп, Қостанай жерінде ұлтаралық келісім орнап, түрлі ұлт өкілдеріне бар жағдай жасалғанын айта кетті. Сонымен қатар аймақта көп балалы аналарға да барлық әлеуметтік көмек көрсетіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Аналар кеңесінің жұмысы туралы баяндады.

Отырыс барысында бірнеше бала асырап, алты балаға ана атанып отырған Айтжан Кішкентаева, «Асыл бала» қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы Айшат Вагапова және өзге де спикерлер сөз сөйлеп, ананың қоғамда алар рөлін айқындап берді.

DSC_2794

Соңында Жансейіт Түймебаев облыс әкімі А. Мұхамбетовті қоғамдық келісім мен ұлт арасындағы бірлікті сақтауға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мейірім” төсбелгісімен және аналар кеңесінің белсенділері мен төрағаларын да марапаттады.

Бұл жерде өңірлердің Аналар кеңесінің қызметін көрсететін және «Shuǵylakіtap» баспасының балаларды дамытуға арналған өнімдерімен таныстыратын көрмелер өткізіледі. 

Источник: kostanaytany.kz