Chania
471
22.10.2019
Фершампенуаз, Тастар мұражайы мен халықтар достығы

Қостанай облысының өкілдік тобы Челябі облысының бірінші Қазақтар құрылтайына қатысып келді.

Көршілес Ресейге қонақ ретінде Е.Өмірзақов атындағы филармония және Жітіқара ауданының ұжымдары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина басшылығымен барып келді.

Құрылтай екі мемлекеттің басшылары қатысуымен 6-7 қарашада Омск қаласында өтетін, Ресей мен Қазақстанның шекаралас серіктестік форумы қарсанында өтті. Өткізетін орны Ресей мен Қазақстан шекарасынан 18 км жерде орналасқан Одесское аудандық орталығы белгіленді. Ұйымдастырушылар бұл тарихтағы бірінші қазақ диаспорасының осындай форматта өткізіліп жатқан  іс-шарасы деп атап кетті.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі қазақ тілін оқыту, халықтың мәдениетін оқып білу және ресейдегі қазақтар қауымдастықтарының ішкі жұмысын ақпараттандыру, қоғамдық ұйымдардың жобасын дамыту.  

- Осы кеңейтілген кездесуде қазақтардың Дүниежүзілік Ассоциация қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен танысу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі, сондай-ақ шетелде тұрып жатқан отандастарымызды қолдауға бағытталған қызметті атқаратын «Отандастар» қорының тұсаукесері өтті деп, - Бибігүл Аққожина айтып кетті.  Сонымен қатар өзара қызметтестік шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен этносаралық саладағы қызметтік тәжірибе ұсынылды және қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік және консалтингтік қолдау, оның ішінде латын жазуына көшу бойынша көмек көрсетілді.

Құрылтай қатысушылары этносаралық келісім мен халық бірлігі мәселесіне жауапты ұйымдардың арасындағы достықты атап кетті және алда тұрған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, сондай-ақ А.Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығы аясында тығыз қызметтестік туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар конструктивтік диалогтан басқа, жиналған қауымды Челябі облысының жалғыз геологиялық бағыттағы мұражайы – романтикалық атауы бар Фершампенуаз ауылында орналасқан - Тастар мұражайы күтіп тұрды. .

Оны 20 жыл бұрын Александр Максимович Матора ашқан. Ол энтузиаст бола тұра, көп жылдар бойы өздігінше әлемнің түпкір-түпкірінен түрлі тастарды әкеліп жинаған. Бірақ жалғыз адамға осындай бірегей орын құру мүмкін болмағандықтан, оған ниеттес адамдар көмегін берді.  Солардың бірі Қайырбек Сеилов, ол жиырма жыл бойы Челябі облысының Нагайбак ауданың басқарып келген.

 - Бізді Қайырбек Хакимович пен  Александр Максимовичтің өте құрметті  бей-жай емес достығы таңғалдырды деп, - өз ойымен Бибігүл Бүркітқызы бөлісті. Өз уақытында Қайырбек Хакимовичтің күш салуы арқасында экспонаттарды сақтау және жалғыз Челябі облысының геологиялық бағыттағы мұражайы бойынша экскурсия өткізу үшін екі қабатты ғимарат бөлінді, осы мұражайдың директоры және бас сақтаушысы Александр Максимович болды. Мұражайда тамаша тастардың көп түрі бар. Қазақстан жерінен алынған экспонаттар да бар.

Орасан зор іс-шара Е.Өмірзақов атындағы филармония мен Жітіқара ауданы ұжымдарының, сондай-ақ құрылтай иелерінің тамаша концертімен аяқталды.