Chania
444
16.10.2019
Шекараны өшіре ...

Қостанайлық Достық үйі мен Челябі облысы халықтарының Достық үйі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мекемелер арасында жақын қарым-қатынастар жеті жыл бұрын басталды, сол уақыттан бастап ірі іс-шаралар шекаралас ынтымақтастық шеңберінде көршілердің кездесуіңсіз өтпеді.  Биыл ауызша келісімді қағаз түрінде бекіту мүмкіндігі туды.  Өзара ынтымақтастық туралы меморандум Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Челябі облысының губернаторы Алексей Текслердің кездесуі барысында қол қойылып өтті.

- Осы ынтымақтастық туралы келісім өңірлер арасындағы достық үйлері достығын білдіреді, біз тек араласып қоймай, бір-бірімізге іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесеміз.  Мысалға, ең ірі «Мәдениет диалогы» жастардың шекаралас ынтымақтастық форумын айтып кетуге болады.  Биыл жазда Қостанай облысының өкілдік тобы Верхнеуральск қаласында өткен біздің «Туған жер» қазақ мәдениетінің мерекесіне келіп кетті.  Қонақтар құр қол келмеді, олар ұлттық үлгідегі тамаша көрмені әкелді. Ол жерде сәнді қазақ киімдері, әшекейлер, қолдан жасалған ыдыстар, үй керек-жарақтары, кітаптар болды.  Осының бәрі Ресей аумағында тұрып жатқан қазақ этносының өкілдерін қуантты, өйткені қостанайлық Достық үйі арқасында олар өздерінің мәдениеті мен тарихына қол тигізе алды, - деп Челябі облысы халықтары Достық үйінің директоры Юлия Лапидус атап кетті.

Меморандумға қол қойылған соң іс-шара қонақтары көрмемен танысуға мүмкіндігі болды: ресей фотосуретшілерінің табиғат көрінісі, Южный Уралдың флорасы мен фаунасы, Златоустов қару-жарақтар заводының алтын жалатқан бұйымдары, ағаштан және тоздан жасалған ыдыстар.  Осы жерде қыш-құмыра ісі бойынша шеберлік сабақтары өтті. Шебер қыз сазбен қалай жұмыс жасау керек екендігін және сол жерде сауыттар, тәрелкелер, күрішке дайындауды көрсетті.

Содан кейін мерекелік концерт басталды, ол жерде «Урал» мемлекеттік би ансамблі, сондай-ақ Қостанай облысының шығармашылық ұжымы өнерлерін көрсетті.

Багдад Ахметбеков пен Сергей Мироновтың фотолары