Chania
441
25.09.2019
Қоғамдық келісім – бірлік негізі

Облыстық Достық Үйінде өткен тоқсан сайынғы семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбына арналған  Халыққа жолдауын жүзеге асырудағы рөлі талқыланды.

«Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан өзекті мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан үшін қоғамдық келісім мен толеранттық, полиэтникалық қоғамға ену, мәдениетаралық, өркениетаралық диалог құру – аксиома.  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдауында «Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең басты қасиет» деген қанатты сөзін келтірген болатын, бұл біздің айнымас қағидамыз», - дейді Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Александра Суслова.

Іс-шара барысында Қостанай қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Гүлсім Иманбаева алименттік міндеттемелердің орындалуы туралы баяндап берді. Арқалық қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Қалтаева Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, «КН» радиостанциясының редакторы, филолог, сөйлеу техникасы мен шешендік шеберлікті меңгертетін жаттықтырушы Должанская Людмила Анатольевна тиімді қарым-қатынас орнатудың қыр-сырымен таныстырды.

Семинар соңына қарай барлық қатысушыларға сетификаттар табысталды.