Chania
539
17.09.2019
Патриот болу парызың

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Айбын» әскери-патриоттық клубы өз жұмысын бастады

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті әскери кафедрасының бастығы Олег Оборин ЖОО, колледж студенттерін әскери қызметтің қыр-сырымен таныстырды.

Іс-шараның ашылу рәсімі жас өрендердің сап түзеуімен басталды. «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы, отскавкадағы подполковник Ринат Бектемиров жиналған жастарға ақ тілегін жеткізді.

«Өскелең ұрпақ пен жасөспірімдерді бала кезінен бастап қасиетті Отанына деген сүйіспеншілікті бойына сіңірте отырып патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды міндеттердің бірі. Қазақстандық патриотизм – ерекше құбылыс, себебі әңгіме Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ Отанына деген қарым-қатынасы туралы болып отыр», - дейді бірлестік төрағасы. 

Іс-шараның ашылу салтанатынан кейін білімпаздар оқу сыныбына барды. «Әскери қызмет негіздері» тақырыбына арналған сабақтан соң көлікжайға  аттанды.

«Бұл 130 солдатты тамақтандыруға арналған далалық-әскери асхана. Мұның жанында екі шағын асхана бар. Біріншісінде  отыз солдатты, екіншісінде 10 солдатты тамақтандыруға болады», - деді Олег Леондивич болашақ Отан қорғаушыларға қарап.  

Далалық-әскери асхана маңында штаб машинасы орналасқан. Кафедра бастығының айтуынша, жау алдымен оны  жоюға тырысады, себебі, машина жойылған жағдайда қарсыласушы тарап бөлімшелермен байланыс орната алмайды.  Жастар жаяу әскер жауынгерлік машинасына қызығушылық танытып, суретке түсті. 

Клуб мүшелеріне толыққанды түскі ас ұсынылды, күш жинаған өрендер әскери топографияға қатысты сабаққа қатысты.

Олар компаспен жұмыс жасауды үйренді, бүркемелену тәсілдерін меңгерді. Тирге барып  оқ атты. Ер балалар ғана емес, арулар да бақтарын сынады.  Қатысушылар қолдарындағы қарудың оғын  нысанаға дөп тигізуге тырысты.

Іс-шара соңына қарай клуб қатысушыларына сертификаттар табысталды, ал Олег Оборин жас өрендерді колледж бітіргеннен кейін әскери кафедрада жоғары білім алуға шақырды.