Chania
447
03.09.2019
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балаларға көмек көрсетті

Достық үйінде 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға атаулы көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының қайырымдылық күнтізбесінің «Жылу» айлығы аясында облыстық Достық Үйінің ұжымы 1 қыркүйек қарсаңында балаларға сыйлық  табыстады.

Тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі 8-15 жасар 13 бала мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтылды. Демеушілер балаларға спорттық киім, орпедиялық аяқ киім, кеңсе тауарларын, рюкзак сыйлады. Қайырымдылық акциясына этномәдени бірлестіктер өкілдері мен Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

«Аналар кеңесінің қызметі әлеуметтік саясатты толыққанды орындауға бағытталған. Біздің бүгінгі мақсатымыз  - барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік теңсіздікті жою, барлық балалар мектепте, мектеп қабырғасынан тыс жерлерде де өздерін жайлы сезінуі қажет. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын», - деді  Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян.

«Өкінішке орай, кейбір жанұялар балаларын мектепке жинауда қиналады, мен балаларға көмек көрсетуге бағытталған осындай игі іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Балалар, сіздерге дайындаған сыйлықтар оқу барысында пайдасың тигізеді, оқуда озат болыңдар», - деді «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының басшысы Марионелла Слесарь.  

Мұхамед Әли Арнабек есімді 7 жасар баланың әжесі Жұпар Кәкімжанқызы: «Сіздерге көп рахмет! Білім – өмір шырағы, балаларымыз жақсы білім алса, Ұлы дала Елінің болашағы жарқын болмақ»,  – деп іс-шара ұйымдастушыларына шексіз алғысын жеткізді.

Балалардың өмірінде шуақты сәттер көп болсын деген ниетпен Достық Үйінің ұжымы балаларға тәтті сыйлықтар ұсынды.