Chania
457
03.09.2019
Өнерлі жастар - өңір мақтанышы

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері Алла Чечеткина мен Анель Пимичева Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаның жабылу рәсіміне қатысты.

Алла мен Анель этномәдени бірлестіктердің өкілдері ретінде дарынды жастар қатарына енді және Конституция күні қарсаңында «Астана опера» залында өткен мерекелік концертке қатысып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  опера әншісі Медет Чотабаевпен бір сахнада Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындады.