Chania
464
01.08.2019
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызы зор

Қостанай   қаласына   ресми  сапармен  келген  Тәжікстан  Республикасының Қазақстандағы елшісі Хайрулло Ибодзода Қостанай облыстық Достық Үйінің ұжымымен кездесті

«Ай сайын аймақтарды аралап, диаспорамен танысып, оларды толғантатын мәселелермен танысамын. Біздің алдымызда экономика, мәдениет, білім беру салалалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту міндеті тұр. Бүгінде екі елдің арасындағы тауар айналымы 845 млн. долларды құрайды, жыл барысында бұл көрсеткішті 1 млрд. долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан, біз ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін анықтау мақсатында аймақтардың әлеуетін зерттеудеміз», - дейді  Хайрулло Ибодзода.

Елші Қазақстандық «Jaс» автокөліктерінің, құрылыс материалдарының, теміржол  вагондарының Тәжікстан мемлекеті тарапынан сұранысқа ие екендігін, екі ел  арасындағы әуе қатынастарының саны артып, теміржол қатынасының жанданатынын, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру саласындағы қазақстандық әріптестердің тәжірибесін зерттеуге бағытталған жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын, білім беру саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін жеткізді.

«2009 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігі арасында «Әділет органдары мен мекемелері қызметкерлеріне  білім беру және олардың біліктілігін арттыру саласындағы өзара ынтымақтықты нығайту» жөнінде келісім жасалған болатын,  осының   арқасында  Тәжістан  Республикасының  азаматтары ҚР ІІМ

Ш. Қабылбаев  атындағы  Қостанай Академиясында білім алып жүр. Санаулы  жылдар аралығында біздің жоғары оқу орнынан 58 білікті маман түлеп шықты, олар қазіргі таңда Тәжікстанда еңбек атқаруда. Бүгінде академиямызда 29 тәжікстандық студент оқиды. Біз Наурыз мерекесін бірге тойлаймыз, Тәжікстанның мемлекеттік мерекелерін атап өтеміз. Бүгінде білім алушылар өз ана тілінде дәріс тыңдап жүр. Біз олар үшін тәжікстандық оқу орындарының оқытушыларымен онлайн трансляция ұйымдастырдық», - дейді академия бастығы Нұрлан Биекенов.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина Ұлы дала елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  ағымдағы жылдың сәуір айында атқарушы билік органдарына бизнес-құрылымдарының тарихи отандарымен әрекеттестікті дамыту міндетін қойғандығын жеткізді. Тәжікстан елшісі өз кезегінде отандастарының бизнес-жоспарларын жүзеге асыруға және Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау танытуға дайындығын танытты. Достық Үйінің ұжымы құрметті қонаққа естелік сыйлықтарын тарту етті.