Chania
552
31.07.2019
Туған жердің тариxы – ұрпақ қазынасы

"Дуслык" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жастар қанатының көшбасшысы Валерий Гумиров Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері  бойынша «Өз еліңді тану» экспедициясына қатысты.

Тәжірибелі турист, гид болып табылатын жас өрен сапардың сәтті өткендігін жеткізді.

«Нағыз дала романтикасы деген осы... Ұлы дала елінің түкпір-түкпірінен жиналған 25 адамды Көкшетау құшақ жая қарсы алды. Арқаның кербез сұлу қаласынан 1150 шақырым жол жүрдік, оның 800 шақырымын жолсызбен өттік. Біз Қарасай және Ағынтай батырларының мемориалдық кешені, жылқыны алғаш рет қолға  үйретушілердің мекені Ботай қонысы, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным қонысы, «Қазақстан жұлдызы» алтарі сынды 4 киелі жерге бардық. Соңғы тұрақтаған аумақта поляк ауылы қоныстанған екен, оның тұрғындары қазақстандықтар үшін арнайы үлкен алтарь салған. Ондағы атмосфера жан тыныштығын сыйлайды. Қиындық туындатқан жайттың бірі - тас жолдардың жоқтығы. Мысалы, Ботай қонысына дейін қара жолдың үстімен  80 шақырым жер жүру керек. Қыстың қақаған суығында тұрғындар жолды трактормен тазалайды. Экспедициядан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын, біз аймақ тарихымен таныстық, табиғат кереметтерін өз көзімізбен көрдік. Мұндай сапарлар ішкі туризмнің дамуына серпін береді және сан түрлі ұлт өкілдерін басын қосады,  Отанының киелі жерлерімен таныстырады» - дейді экспедиция қатысушысы.