Chania
468
24.04.2019
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар!

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары біздің Отанымыздың болашағы үшін жоғары жауапкершілік сезіммен «Nur Otan» партиясы ХІХ съезінің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсыну туралы шешімін қолдайды!

«Nur Otan» партиясы ұсынған Кандидаттың қатысуы мемлекетіміздің визит карточкасына айналған бітімгершілік және жасампаздық саясатының сабақтастығын іс жүзінде іске асыру болып табылады.

 Біздің еліміз Ұлы Дала дәстүрлерін жалғастыруға бағытталған – «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін, Елбасы бастамашылық еткен «Рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама», «Ұлы Даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға негізделген әрбір қазақстандықтың сындарлы идеялары мен жобаларын қолдап, Отанымыздың болашағы үшін нақты жетістіктерін біріктіру.

Бір тарихи тағдырмен байланысты еліміздің барлық азаматтарын, басына түскен сынақты абыроймен өткізген Қазақстанның біртұтас халқын, Отан алдындағы және біздің балаларымыздың келешегі алдындағы өз парызын сезіне отырып, Қазақстан Президентінің сайлау науқанына қатысуға және лайықты Кандидат үшін өз дауысын бере отырып, азаматтық борышын орындауға шақырамыз.

Қостанай, 2019 жылдың 23 сәуірі