Chania
541
09.04.2019
Қостанайлық әйелдерге Аналық және сұлулық күнінде бес жүз раушан гүлдерін сыйлады.

«Эребуни» армян қауымымен 26-шы рет ұйымдастырылған мерекесі  Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында өтті. Залға кірерде барлық әйелдерге қызыл раушан гүлдерін және кіші сый ретінде «Рафаэлло» бір қорап кәмпитін сыйлады.

- Көктем, әйел, сұлулық – бұл синонимдер, өйткені әйел де көктем сияқты жаңа өмірдің, қуаныштың, тазалықтың жаршысы болып табылады. Қостанай облысының іс-шаралары күнтізбесіне енгізілген тамаша мерекесі «Эребуни» армян қауымының зор еңбегі. Бірлестіктің қызмет концепциясы Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсатына өте жақын. Бұл мәдениетті, дәстүрлерді, тілді, тарихты сақтау және де қайырымдылық көрсету деп, - алғы сөздерін облыстық Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина айтты.   

Концерт «Миасин» жастар қанатының кішкентай тобымен дайындалған әсерлі нөмірмен басталды. Жас балалар періштедей қанаттарымен қолдарында кішкентай шам ұстап, ана туралы ән айтып берді. Концерт өтіп жатқанда балалар, қыздар және жігіттер өзінің аналарына деген махаббаттарын өлең түрінде айтып бейнеге түсірген роликтерін экранда шығарып көрсетіп отырды. Мереке қатысушылары үшін Москвадан қауымның осыған дейінгі белсендісі Гаяне Мартиросян арнайы келді. Ол қонақтар үшін бірнеше музыкалық композиция орындады. Тереза Меликян жетекшілігімен жастар қанатының жоғары және кіші бөлімімен Аналық күніне арнайы дайындалған билер аналарды қуантты. Жыл сайын ол Армениядан келіп, армян мәдениетінің барлық айқын көрінісін ашатын жаңа билерін үйретеді.

  - Қауым төрағасы Тигран Бадалянға үлкен алғысымды білдіргім келеді, өйткені бірлестік бұрынғы жылдардағы қиыншылықтарына қарамай жыл сайын бұл мерекені үнемі атап өтуші еді. Бұл өте тамаша: құрметтеу, есте сақтау, дәстүрді нығайту және оларды дамыту. Костюмдердің сәндігі, бағдарламаға қатысушы балалар саны бойынша бұрынғы мерекелерді бүгінгімен салыстыру мүмкін емес.  Бүгін – бұл  жарқын, заманауи, бұқаралық мереке. Ең бастысы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы құрған ең тамаша отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді сахнаға шығып жүрген балалардың қолдарына беріп отырғанымыз қандай тамаша деп, - облыстық Аналар кеңесінің төрайымы  Шушаник Саркисян атап кетті.

Әйелдерге ерекше сый Армениядан келген атақты әнші Саркиса Аветисянның сахнаға шығуы болды. Оның әсерлі әндері ешкімді немқұрайлы қалдырмады: барлық тамаша жандар әншінің әніне қосылып, залда би биледі. Мереке екпінді ду қол шапалақпен және тағы кездесу шын тілектерімен аяқталды.