Chania
596
08.04.2019
Қамысты ауданының оқушыларына медиация туралы айтып, оның қалай жұмыс істейтінің көрсетті.

Бірінші семинар-тренингті 60 бала үшін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының спикерлері Сергей Богатырев, Ольга Евдокимова және Руслан Мурзагалиев өткізді.

 - Мектепте балалар арасында даулар жиі болып тұратыны барлығына белгілі. Сондықтан, Қазақстанның мектептерінде мектеп медиациясын енгізу шешімі қабылданған болатын. Қазіргі оқушылардың мәселелері ата-аналардың қамқорлығында бірінші жоспарда болып тұр, өйткені ересек балалар арасындағы бүгінгі шиеленістер әлеуметтік, гендерлік және ұлтаралық түрге ауыса бастады. Осы негіздегі қақтығыс жиі жаман аяқталады. Сол себепті балалардың әрқайсысына өздерінің жолдастарына жауапты болып, келіссөздер арқылы туындаған шиеленістерді шешуді үйретуге тиісті деп, - облыстық Достық Үйінің бөлім басшысы Руслан Мырзағаиев айтты.

Семинарда түрлі деңгейдегі білім мекемелерінде (қызметкерлер, оқушылар немесе ата-аналар арасында) туындайтын шиеленістердің ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың шешу тәсілдерін талқылады. Ольга Евдокимова және Сергей Богатырев мектеп ұжымында дау-жанжалсыз қарым-қатынасты қалай үйрену, қандай тәсілдер қолдану керектігін айтты. Егер семинарға қатысушы үлкендер белсенді барлығын жазып отырса, балалар алған білімдерін сол жерде тәжірибе ретінде қолданды. 

Жаттығу кезінде Руслан Мырзағалиев балалармен бірге делдалдың негізгі қасиетін пысықтады: пікір айтудағы бейтараптылық және келіссөздегі ұстаным, сынаудағы тұрақтылық. Шиеленістегі тараптардың жағдайын, шиеленісті шешу үшін олардың қарым-қатынас процессін басқаруды талқыладық, ал зерделілік ойындар балаларды қызықтырып, позитив туғыздырды.

- Қазіргі уақытта мектеп медиациясы өте қажет деп, - 10 сынып оқушысы Диана Нурушева ойымен бөлісті. Семинарда шиеленісті шешу бойынша көптеген пайдалы ақпарат алдым. Ол маған өмірде қажет болады деп ойлаймын. Біздің спикерлерге қызықты және қолжетімді тілмен маңызды құрал, медиация туралы айтқандарына алғысымды білдіремін.