Chania
595
03.04.2019
Этникалық қитұрқыны қалай шешу керек?

Облыстық Достық Үйінде көп этностық ортада соттан тыс шиеленісті шешу дағдыларын кәсіби емес медиаторларға оқытты.

Семинар облыстың медиация орталықтарынан 30 жуық өкілдерін және заңгерлік факультеттердің студенттерін жинады. Қатысушылар алдында шақырылған кәсіби медиатор, Бастыс-Қазақстан облысы Медиаторлар одағының төрайымы Алуа Ракишева және «Қостанай облысының Медиаторлар Ассоциациясы» Қоғамдық қорының президенті Сергей Богатырев сөз сөйледі.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің қамқорлығына мәдениетаралық және этносаралық медиацияны алды. Бұл аспектігі үлкен көңіл бөлінуде және Достық Үйінде өтіп жатқан бұл семинар соған дәлел.  Өкінішке орай, кәсіби емес медиаторлар тізілімін атқарушы органдар билігі жүргізеді. Егер кәсіби медиаторлар тізілімге тіркелсе оларды көруге болады, ал жұмыс үшін кәсіби емес медиаторлардың тізілімі көбінесе қолжетімсіз.  Оларды еш жерде жарияламайды. Бірақ кейбір өңірлерде бұл тізілім қолжетімді: Лисаков қаласы, Денисов ауданы. Бұл жұмыстың оңды жылжуына біздің ұйым себепші. Біз өңірлерге шығып, әр ауданның ауылдық аймағына кіріп, медиация туралы айтып, осы лауазымға қоғамдық кеңеспен ұсынылған адамдарды оқытамыз. 2018 жылы Алтынсарин және Қостанай аудандарында жұмыс жасадық, ол жерлерде оқыту сабақтарын жүргізіп, 58 кәсіби емес медиаторларды тізілімге енгіздік деп, - Сергей Богатырев айтып кетті.

Бастыс-Қазақстан облысы Медиаторлар одағының төрайымы Алуа Ракишева этномедиация өңірлерде де қолжетімді болды дейді. 

- Атап кетсек, ҚХА және барлық өңірлік құрылымдар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірлік сәйкестігі» тарауын іске асыруда міндетті этномедиацияға бөледі.   Семинар этношиеленіс пен олардың шығар жерін, басты себептерін ашты. Егер сот – қарым-қатынастағы шиеленіске нүкте қойса, ал медиация пікірталасқа нүкте қояды. Біз қоғамдық медиаторларды осындай шиеленіспен жұмыс жасауға және психолог болуға үйреттік деп, сенеміз, өйткені ұлтаралық қарым-қатынас – өте елеулі сала деп, - Алуа Ракишева атап кетті. 

Медиаторлардың сөздері бойынша Қазақстанда ұлтаралық қатынас саласының деңгейі статистикалық мәліметтерге сәйкес жақсы. Бірақ медиаторлар алға жүріп, тұрмыстық шиеленістің этникалыққа өсуіне жол бермеуі керек.