Chania
472
29.03.2019
Қостанай облысының еврей қауымдастығы «Пурим» мерекесін атап өтті.

Еврей күнтізбесі бойынша келетін көктем биыл әз Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келді.

- Бұл мерекенің түп тамыры ерте замандарда жатыр. Бұл мейрам туралы ақпарат еврей халқының тарихи кітаптарына енген. Бұл күні Эстер інжіл кітабы оқылады, бұл кітапта еврей халқының Парсы империясының  қиянатынан азат болу тарихы көрсетілген, - дейді еврей қауымдастығының төрағасы Вадим Чашков.

Мереке қарсаңында адамдар  тарихи тұлғалардың бейнелерін сомдап, маскарадтық  костюмдер киіп, көңілді ән шырқайды. Бұл күні дастарқанға «Гоменташи» - мейіз және көкнәр қосылып әзірлетенетін үшбұрыш пішінді тоқаштар қойылады. 

 - Биыл біз еврей мәдени орталығында 30 адамға арналған іс-шара өткіздік. Барлық қатысушылар концерттік бағдарламаға белсенді қатысты, мереке ойдағыдай өтті, - дейді Вадим Чашков.