Chania
554
28.02.2019
Вслух о хорошем...

«Аймақтық коммуникациялар қызметі»  мекемесінде өткен брифингте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Аналар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған игі істерге  тоқталды.

«Сыбаға» айлығында қамқорлықсыз қалған аға буын өкілдеріне, жетімдерге, науқас жандарға көмек көрсетілді, Қостанай облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының профессоры Шушаник Саркисян жасалған қайырымды  істер туралы баяндап берді.

Мысалы, «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бойынша 4 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға  (Горных отбасына) және қазіргі уақытта жатақханада тұратын балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне көмек көрсетілді.

Акцияға 50 адам қатысты, олар мұқтаж жандарға жиһаз, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтарын, киім, аяқ киім сыйлады. Нәтижесінде Горных  жанұясы сынды тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетілді.

Таран ауданындағы Тобыл ауылының жергілікті атқару органдарының өкілдері   және  Новоильин   ауылының   тұрғындары  тұрмыс   жағдайы   төмен

6 жанұяға, ал Қарасу  ауданының тұрғындары тұрмыс жағдайы төмен 2 жанұяға  азық-түлік жиынтықтарын сыйлады.

Науырзым ауданы Докучаев орта мектебінің педагогикалық ұжымы

15 000 теңге жинап тұрмыс жағдайы төмен Ермолаевтар отбасына азық-түлік сатып алды.

Брифингке облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Қостанай медициналық колледжінің директоры Қатпенова Сәуле  қатысты. Білім беру мекемесінде еріктілер ұйымы құрылып, қайырымдылық істер күнтізбесіне сәйкес ізгі жұмыстар атқарылуда.

Брифингке қатысқан Меңдіғара аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Есетова Алтыншаш Қарабайқызы: «Ақпан айында Меңдіғара ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барып жүрген мүмкіндігі шектеулі балалар  балыққа толы аквариум сұраған болатын.

Боровское ауылының тұрғыны  Еришев Төлен Аманжолұлы балалардың сөзін жерге қалдырмай балаларға үлкен аквариум және үш «алтын» балық  сыйлады.

Меңдіқара ауданындағы  Первомай орта мектебінің оқушылары Белоус Н .А., Жигалкина В.А., Орлова В.И. сынды жалғызбасты зейнеткерлерге қол ұшын созды. Қыздар олардың  отынын үйіп, үй маңындағы қарды тазалап, үйлерін жинастырды», - деп аудандағы қайырымдылық  шараларға тоқталып өтті. Бір-бірімізге көмектесу арқылы біз әлемге мейірімділік ұрығын себеміз, жарқын болашақ қалыптастырамыз.