Chania
544
29.10.2018
Нәр алам туған жерімнен

Қостанай облысының «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығы "Татарча диктант" халықаралық  жобасына қатысты.

Араб Әмірліктері, Түркия, АҚШ, Литва, Канада, Германия, Әзірбайжан, Украина, Франция, Аустралия, Белоруссия, Италия, Қырғызстан, Аустрия, Чехия, Ұлыбритания, Болгария, Ресей және Татарстан мемлекеттері татар-башқұрт ұлтының өкілдерімен бірге Қостанайлық «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің 28 өкілі білімдерін сынасты.

«Булачак» жастар қанатының көшбасшысы, Валерий Гумиров: «Туған тіл - бір-бірін танымайтын адамдарды табыстыратын рухани байлық.  Сөйлеу тілі бір бөлек, ал айна-қатесіз, сауатты, емлені дұрыс қолдана отырып жазу әлдеқайда қиын. Мұны біз диктант жазу барысында аңғардық», - деп өз ойын жеткізді.

Іс-шараның ең жас қатысушысы Талғат 10 жасқа толды, ал ең үлкені 97 жастағы Әбдібе апа. 

Биыл диктант үшін атақты татар жазушысы Абдулла Алиштің «Нечкәбил» еңбекқор, еңбек етуге үндейтін  ара туралы ертегісі алынған. Былтырғы диктантқа Ғабдолла Тоқайдың туындыларынан үзінділер алынған болатын.

Диктанттың қорытындысы бір айдан кейін арнайы diktant.tatar  сайтында жарияланады, әрбір қатысушы жеке коды арқылы кіріп, өз нәтижесімен таныса алады.

Құрметпен

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ