Chania
550
23.10.2018
Бұл жай ғана фильм емес, тарихтың айқын ізі!

Облыстық Достық Үйінде неміс мәдениеті фестивалінің екінші күні өтті.

Ұйымдастырушылар«Возрождение»  неміс этномәдени бірлестігі. Олар атақты неміс режиссері  Борис Шварцманның  Ресей халқының ризашылығына бөленген болмысы ерекше адам туралы түсірілген фильмді тамашалауды ұсынды.

Қостанайлықтардың назарына «Дороги Эрвина Иммекуса» – қысқаметражды деректі фильм ұсынылды.

Бұл туындыда 19 жасар жауынгердің Ұлы Отан соғысы кезінде Вермах  жауынгері болып жүріп, майдаргерлермен орыстардың тұтқынына айналған неміс азаматының өмірі туралы баяндалады.

- Мен ол кезде аяғымды үсітіп алғам, бірақ бізді ешкімнен бөліп-жармай емдеп, жазып шықты. Сонда ғана менің санам жаңғырды. Маған орыс әйелдері медициналық көмек көрсетті, ал олардың қамқорлығы жарқын өмірге үміт сыйлады.

Эрвин 1945 жылы Германияға оралады, бірнеше жылдан соң Ресей халқын сағынғанын түсінеді. Ол орыс мәдениетімен танысып, дін жолына түсіп, Ватикандағы Дін істері институтында білім алу барысында Библияның (Киелі Кітаптың) түпнұсқасын оқу үшін ескі славян және арамей тілдерін меңгерген.

Ол сұранысқа ие кітаптың  шамамен 10 мың данасын сатып, жиналған  қаражатқа Ресейде шіркеу ашып,  осы күнге дейін сонда қызмет етуде. Ол ғұмыр бойы қайырымдылықпен айналысып келеді: Германиядан гуманитарлық көмек жинап, ресейлік тұрғындарға қолдау көрсетеді.

- Менің ұлтым неміс,  мен өз елімді жақсы көремін, бірақ бағытым – орыс халқына қызмет ету – деп жеткізді Эрвин Иммекус сұхбат барысында.

Фильмді тамашаған Владимир Ауман оның  философиялық мазмұнының терең екендігін аңғартты.

- Владимир Ауман: «Фильмнің басында автор орыс әйелдерінің жауынгерді  аман алып қалғандығын баяндайды. Фильмнің негізгі идеясы – қамқорлық. Енді ол, өзіңе жасалған қамқорлықты өзгелер үшін жасауда. Бұл - игі іс, қазақтар да неміс азаматтарының талайын өлімнен арашалап алған. Қуғын-сүргін кезінде Қазақстан жеріне қоныс аударылған неміс азаматтарының Германияда қалған азаматтарға қарағанда жолы болды. Қазақтар қолыңдағы құрт, бауырсақ, шайларымен бөлісті...  Бұл фильм адамның ұлтқа тәуелді еместігінің айғағы. Алдымен - адам, содан соң – ұлт, - деп өз әсерін жеткізді.