Chania
551
17.10.2018
Қауымдастық өкілдері махаббаттарын жеткізді

«Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жалпы салмағы жарты тоннадан асатын қарбыз, қауын, жүзім және т.б. тәтті өнімдерден сый тартты.

Алтын күзде Өзбекстан мен Тәжікстанның алқаптарынан жиналған табиғат сыйлығын Қостанайлық балаларға тарату дәстүрге айналған. Осыдан 15 жыл бұрын қауымдастық балалар ауылына қамқорлық таныта бастаған, бұл іс әлі күнге дейін жалғасын табуда.  Бұл уақыт ішінде мыңдаған бала қауымдастық төрағасы Эргашвой Холметов және оның серіктестерімен әкелінген жеміс-жидек, көкөністер мен шырындардың нәрін бойыңа сіңіріп өсті.

Биыл этномәдени бірлестік 15 жылдығын атап өтпек, қауымдастық өкілдері балаларға сыйлық тарату арқылы мерейтойын тойлады. Қонақтар жеміс-жидектермен, кәмпиттермен қоса ұн да әкелді. Балалар ауылында бұл тағам түріне сұраныс мол екен, себебі, балалар тамсана жейтін нан, тоқаш өнімдері молынан пісіреді екен. Достық Үйінің ұжымы ұйымдастырған көңілді байқаулары сәбилерге өте ұнады. Кездесу үйдегідей қолайлы жағдайда өтті.

- Мен бұл жерге қуана келемін. Балалар  — біздің бақытымыз, болашағымыз, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әсіресе бүлдіршіндерге  қуаныш сыйлау біздің азаматтық парызымыз. Біздің мейіріміміз және дәмі тіл үйірер, балғын жеміс-жидектерден асқан не бар дейсің? - дейді Эргашвой Эрматович.

Қоштасарда балалар тақия киіп, қолдарына қауын ұстап Эргашвой Эрматовичпен суретке түсті.