Chania
683
17.09.2018
«Қазақтану»

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай қ. № 7 мектебінде жастар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасына арналған интеллектуалдық турнир өткізілді.

Іс-шараға қатысу арқылы жасөспірімдер қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне бойлады.

Оқушылар зор құлшыныспен «тоғызқұмалақ», «асық ату» сынды ұлттық ойындарды үйренді, интеллектуалдық викторинаға қатысып тапқырлықтарын сынап, Қара жорға ұлттық биіне арналған мастер классқа қатысты.

Әрбір секция өз ерекшелігімен көзге түсті және өздері жаңа білім алып, бар қабілеттерін шыңдады.