Chania
637
11.09.2018
Осындай өнегелі жас отбасылар!

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында «Отан отбасынан басталады» атты жас отбасылар фестивалі өтті. 

Фестиваль облысымызда қатарынан екі жыл жүзеге асырылып келе жатқан «Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» әлеуметтік жобасының аясында ұйымдастырылды. Фестивальге Қарабалық, Федоров, Қостанай және Алтынсарин аудандарынан дарынды да белсенді алты отбасы қатысты.

Фестивальді басталуынан бұрын Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян құттықтау лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараға қатысушы отбасыларға үш байқау кезеңі дайындалды. Бірінші кезең – таныстыру. Бұл кезеңде әрбір отбасы өздерін ерекше таныстырып өтті. Екінші кезеңде жүргізушілердің әзіл-қалжыңы аралас сұрақтарына жауап берді, үшінші кезеңде ұлттық рәсім көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды орындауда жасампаздық танытты, яғни өздері өлең жазып, бейнеролик түсіріп, презентация жасап, музыкалық композициялар мен би дайындапты. Мысалы, Қарабалық ауданынан келген Фатеевтер отбасы отағасы мен кіші қызының орындауындағы әнді ұсынды.

Бұдан бөлек, әрбір отбасы шығармашылыққа бейім екендігін байқатып, халықтың салт-дәстүрлері туралы білімдерімен көрермендерді тәнті етті. «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Валентина Маренинова ағымдағы жылы еліміздің тұрғындары туған өлкесінің тарихы мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін «Қазақтану» мемлекеттік бағдарламасының басталғандығын жеткізді. Бұл уақытта сахнада театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл тапсырмада қатысушыларға туыстары мен достары қол ұшын созды. Ал көрермендер мен әділқазылар мүшелерінің қазақ халқының ұлттық бітім-болмысы мен сүйінші, беташар, шашу, тұсау кесу және басқа да рәсімдерді тамашалау мүмкіндігі туды.

Юлия Фатееваның айтуы бойынша,  олар мұндай байқауға екінші рет қатысуда.

-Былтыр біз отбасымызбен қызымыз барып жүрген балабақша ұйымдастырған фестивальге қатысқан болатынбыз, бізге өте ұнады. Сондықтан «Отан отбасынан басталады» фестиваліне қатысуға қуана келістік.  Отағасы музыкант болғандықтан дайындық барысы біз үшін қиын емес, қызықты болды! Бәрін бір ортаға біріктіретін осындай іс-шаралар есімізде ұзаққа қалатыны сөзсіз, - деп жеткізді ол.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар алты номинация бойынша  дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды, ал ұйымдастырушылар Жас отбасылар фестивалін өткізуді дәстүрге айналдыратындығына уәде берді.

Облыстық Достық үйінің баспасөз қызметі