Chania
702
03.09.2018
Садақ, боза және асық

Қырғыз мәдениеті күнін атап өту барысында садақ атып, асық ойнап, боза сусынынан дәм тату мүмкіндігі бұйырды.

31 тамыз күні Қырғызстан Республикасы Тәуелсіздік күнін тойлайды, осы мереке қарсаңында «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігі және облыстық Достық үйі жыл сайын Қырғыз мәдениеті күнін атап өтеді.

Қонақтар үшін бағдарлама мәдениет басқармасының ішкі ауласында орын алды.

Батыл да қайсар адамдар садақ атысты. Тәжірибесі жоқтармен нұсқаушы жұмыс жасап, оларға садақ атудағы тұрыс қалпын, садақты қолға дұрыс ұстауды, нысананы дәл  көздеуді үйретті. Үш мүмкіндіктен кейін қонақтар нысаны ала бастады. Көбі садақты қолына бірінші рет ұстапты.

-       Бұл өте еліктіргіш әрекет. Ешқашан садақ атып көрмегем, қазір де қолыма алуға жүрексіндім. Бірақ басқаларға қарап, өзім де садақ атып көрдім. Тіпті, бір жебемен нысанаға дөп тидім. Ұзағырақ жаттыққан жағдайда жарыс ұйымдастыруға болар еді, - деп жеткізді мереке қонағы Назгүл Ибрашева.

Қостанайлықтар қырғыз мәдениетінің қыр-сырын жақсы біледі. сұрақтарға дұрыс жауап таба білден қонақтарға шоколадтан дайындалған сомдар берілді. Жиналған қауым үшін кейбір фактілер жаңалыққа айналды. Мысалы, Қырғызстан – грек жаңғағы мен садақ отаны және Айгүл атты гүлдің тек сол елде өсуі, Қырғызстанның «Орталық Азияның Швейцариясы» деп аталуы.

Асық ойнау үшін де үлкен кезек орнады. Барлығы дәлдік пен икемділіктерің сынағылары келді. Ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы Қаршал Какашев ерлер мен әйелдер арасында жарыс өткізді. Кеш соңында төреші жарыс жеңімпаздарын жариялап оларға «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің атынан сыйлықтар тарту етті.

Бозжігіттер мен ер адамдар «Манас» эпосында келтірілген  көне қырғыз ойыны «таяк-тартышқа» қатысты. Ойын шарты бойынша  қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырып, аяқтарын тақтайға тіреп, жіңішке таяқтың көмегімен бір-бірін тартты. Жеңіске жеткен епті ер азаматтарымыз сыйлықтарын алды.

Қонақтар жылыну үшін боорсак жеп, бидай мен судың ашытып жасалатын қырғыз халқының ұлттық сусыны бозадан дәм татты. Дәмі тіл үйірер ферменттелген сусын барлық қонақтарға ұнып, көңілдерін көтеріп тастады.

Мереке барысында сахнада «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Қанатбек Беделбековтің құттықтау сөзімен ашылған концерттік бағдарлама өтті. Содан кейін Қостанай қаласының әртістері қырғыз және басқа тілдерде ән салып, би ұжымдары өздерінің жалынды билерін орындап, өнерлерін ортаға салды.

Достық үйі барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.