Chania
706
13.08.2018
Амангелдінің ізі бойынша

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Ұлы Дала Елінің қасиетті мұрасы» орындары бойынша экспедицияны жалғастыруда.

«Жаңғыру жолы» Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысының аясында, Амангелді ауданының базасында «Ұлы Дала Елінің қасиетті мұрасы» атты республикалық акциясының үшінші кезеңі өтті.

Іс-шараның мақсаты қоғами әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жастардың қатысуына жәрдемдесетін, жалпы мәдени және рухани құндылықтар негізінде қасиетті мұраның ескерткіштерін сақтау және дәріптеу, қазақстандық бірдейлік пен патриотизмді нығайту.

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, жастар, аудан орталығының тұрғындары, өлкетанушылар, қоғамдық пікірдің бастамашылары қатысты.

Іс-шара барысында Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған тақырыптық кездесулер өткізілді, Кейкі батырды еске алу кездесулері ұйымдастырылды, сондай-ақ естен кетпес жерлерде экосенбіліктер ұйымдастырылды.