Chania
656
19.07.2018
Жаңғыру жолы

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының белсенділері Меңдіқара ауданында "Лесная сказка" балалар лагерінде зияткерлік квест  ұйымдастырды.

Квеске екі топ қатысты. Балалар 10 станция сынақтарын еңсерді,   қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы, салт-дәстүрлер, әр түрлі халықтардың әндері туралы білімдерін шыңдады, "Қазақстан халқының бірлігі Күні" атты композициясын құрастырғанда өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, спорттық жарыстарда бақ сынады. Сонымен қатар, олар түрлі этностардың дәстүрлі киімі туралы ақпаратпен танысты, өздері де қызығушылық танытып, татар халқының ұлттық биі бойынша  шеберлік сыныбына қатысты.

Квест "Бір ел- бірге тату отбасы" атты квест ұранына  мозаика құрастырумен аяқталды.

Балалар квестке қатысқандары үшін естелік дипломдар және үстел үсті ойындарымен мараматталды.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының барлық ақпараты  #Қостанай облысының «Қоғамдық келісім» КММ   #«Үлкен ел – үлкен отбасы», #Жаңғыружолы #ДостықҮйіҚостанай #Ізгіістер хештегтерімен жарияланады.