Chania
1047
03.07.2018
Бірлігі тұрақты елдің тұғыры биік

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша қазақстандық бірлікті нығайту және бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыруды дамытуға бағытталған бірқатар әлеуметтік, ақпараттық және ғылым-білім беру жобаларын іске асырып, кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Хасенұлы бастаған бір топ мәртебелі меймандар ауданымызға келіп, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған игілікті іс-шаралармен бөлісті.

Алдымен, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде екі секциялық семинар-тренинг өтті. Оның бірі — Қазақстан территориясында медиацияны дамыту. Бұл тұрғыда Қостанай облыстық орталығының кәсіби медиаторы Айша Сейілбекқызы медиация туралы және медиацияның басты кезеңдері мен медиацияның істің сот арқылы қаралуынан айырмашылықтары туралы түсінік берді.Сондай-ақ, облыста медиациялық орталықта 30 медиатор қызмет атқаратындығын және олардың барлығында арнайы сертификат алып, медиаторлардың тізілімділік реестрлерінде тұрғандығын хабардар етті.

Ал “Этносаралық және конфессияаралық толеранттылық мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің доценті Гүлжан Ерменбаева кеңінен әңгіме өрбітті.

-Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнінен бастап Қазақстанда тұратын халықтардың арасында бейбітшілік пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқаруда. Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында ел Президенті белгілеген Ассамблеяның жаңа рөліне сәйкес қоғамдық келісімнің жалпыазаматтық, жалпыұлттық институты ретінде құрылды. Олардың қызметіне халықтың нақты мәселелерін шешу, жергілікті деңгейде және ұжымдарда шиеленістердің алдын алу кіреді. Облыста (1 — облыстық, 20 — қалалық, 244 – ауылдық және 3 ірі кәсіпорындарда) барлығы 268 Қоғамдық келісім кеңестері қызмет етеді. Аймақтағы іс-шаралардың соңында ҚХА азаматтық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік принциптері негізінде қазақстандық сәйкестікті нығайту және дамытудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөліне арналған Форум өткізу жоспарлануда,- дейді Гүлжан Кәкімбекқызы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып “Үлкен ел – үлкен отбасы” жалпыұлттық жобасы аясында дәріс оқыды. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында Тәуелсіз елдің идеологиясы “Мәңгілік ел” идеясы екенін тілге тиек етті.

-Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы мақсат – түсіністік, тыныштық, бірлікті сақтай отырып, барлық халықтың ортақ мүддесін көксеу. Біздің негізгі ұстанымымыз — халық арасындағы татулық пен бейбітшілікті, өзара ынтымақтастықты жалғау. Көпұлтты мемлекет болғандықтан, осы құндылықтар ең әуелі қазақ халқында мықты болуы керек. Сонда ғана өзге ұлттарға өресі биік өнеге көрсете аламыз,- деді Қалқаман Хасенұлы.

Источник: kostanaytany.kz