Chania
743
12.05.2018
Бәрі де достық үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамы бірлігін нығайтуға түсуге назар аударуды тапсырды. Негізі, әр сессияның ерекше тақырыптары болады. Биылғы жылы Елбасы әлеуметтік саланың дамуына көп көңіл болып отырғанын жеткізді.

Қазақ жеріне қоныстанған өзге этнос өкілдері жергілікті халықпен етене жақын араласып, бір атаның баласындай болып кетті. Біз үшін достық, бауырластық ұғымы тым бағалы. Қоғамдық келісім мен өзара түсіністік еліміздің өркендеуінің негізі. Біздің еліміз осы бірліктің күшімен түрлі белестерді бағындырып келеді. Расында, әр өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен саяси татулық тұғырынан түспеуі тиіс. Жасыратыны жоқ, қырғи-қабақ соғыстардың болуы әлеуметтік салалардағы мәселелердің туындауынан басталып отыр. Сол себепті Елбасы осы бірлік, ынтымақ тақырыбын биік қойды. Бірлік пен тыныштық орнаған жерде береке болады. Егемендік алған жылдары, нарық экономикасына көшер кезде біздің ел өзінің ынтымақ-бірлігін алдыға қойды. Сол арқылы заманның түрлі сынақтарына қарсы тұрды. Міне, бірліктің арқасында жеткен жетістіктерімізді әлем біліп отыр. Мысалы, бүгінгі шарада түрлі этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін, өнерін паш етуде аянып қалған жоқ. Мұның өзі ел ішіндегі саясаттың нық орнағанын білдіреді

«Қазіргі уақытта негізгі ресурс – әлеуметтік сала. Шын мәнінде бұл әрқайсымызға қатысты өмір саласы. 21 ғасыр әлеуметтік-экологиялық, техногендік жаһандық сын-қатерлер ешқайда жойылып кетпей жатқанын көрсетіп отыр. Бұл тұрғыда жұмыстарды жалғастырып, адамзаттың осы проблемаларын шешу керек. Әлемдік дағдарыс дамыған елдердің өзінде әлеуметтік мүмкіндіктерді азайтты», — деді мемлекет басшысы.

Айта кету керек, сессия барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Бес әлеуметтік бастаманың маңызын түсіндірді.

Қазақстан Республикасының идеологиялық саясаты – бірлік, ынтымақ, біртектілік сияқты қасиетті ұғымдар екені баршаға мәлім. Көздің қарашығындай сақталуға тиісті аталған құндылықтарға бүгінгі таңда саяси астары бар кері құбылыстар әсер етіп жатқаны ешкімге жасырын емес.

Толеранттық, өзге ұлттарға деген құрмет, өзара сыйластық пен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білу – демократиялық қоғамымыздың жетілуі мен дамуының алғышарты десек артық айтқандық емес.

Бұл ретте мемлекет тарапынан түрлі мәдени, ақпараттық, үгіт-насихат шаралары жұмыс жасауда. Оның сыртында Қазақстан халқы Ассамблеясы, түрлі үкіметтік емес ұйымдар – барлығы да халықтың ауызбіршілігін арттырып, достастық пен бейбітшілікте өмір сүрулеріне үндеуді басты мақсат еткен.

Источник: kostanaytany.kz