Chania
645
19.06.2018
«Сабантой» мерекесіне халық көп жиналды

Жылдағы дәстүр бойынша бұл жолы да аталмыш мереке жоғары деңгейде болып өтті

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта қала тұрғындары көп жиналды.

Өңіріміздегі өнер майталмандары өздерінің өнерлерін көрсетті. Әсем ән шырқалып, күмбірлете күй төгілді. Мың бұрала билеген арулардың бигі қостанайлықтар қызыға да тамсана тамашалады.

Осынау жадыраған жаз айында өтетін бұл мереке қашанда қала тұрғындарға жоғары көңіл күй сыйлады. Осы мейрамға кішкентай баласын ертіп келген қала тұрғыны Гүлмира Садуақасованы сөзге тартқанымызда ол бізге былай деді:

-Мен осы саябаққа жақын жерде тұрамын. Күнде бір мезгіл осында келіп отбасымызбен серуендеп қайтамыз. Бүгін «Сабантой» болады дегенді естігіннен кейін ертерек келіп, мерекелік көңіл күйдің куәсі болып жатырмыз. Маған бұл мереке қатты ұнайды. Біздің мемлекет көп ұлттың басын қосып, достығын берік ұстап отырған киелі мекен. Сондықтан осы татар-башқұрт өкілдерінің мерекесі баршамызға ортақ деп санаймын.

Сондай-ақ ашық аспан астында өткізілген шара барысында облысымыздағы этномәдени орталықтардың белесенділері мен қала қонақтарына арнайы алғыс хаттары табыс етілді. Бұдан соң ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.

Источник: top-news.kz