Chania
647
17.06.2018
Тобыл төрінде — Сабантой

Бүгін Қостанайда татар ұлтының "Сабантой" мейрамы кең көлемде аталып өтті. Қостанайлықтар ауызбіршілік танытып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақта бас қосты. Олар әсем ән мен тәтті күйге куә болып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

-Біз бұл мейрамды ұзақ күттік, сондықтан асқан дайындықпен келдік. Татарстан астанасынан келген қонақтарды көріп қатты қуандым. Осындай мүмкіндік сыйлаған қазақ еліне мың алғыс,-дейді татар-башқұрт орталығының өкілі Сария Сиит.

Шара барысында этномәдени орталықтардың белесенділері мен қала қонақтарына алғыс хаттары табысталды. Бұдан соң ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. 

ABT_5228

ABT_5268

ABT_5198

ABT_5271

ABT_5250

ABT_5321

ABT_5317

ABT_5344

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Источник: kostanaytany.kz